Ұлы Отан соғысының ардагері Байсақалов Сапарғали
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 76-жылдығына орай "Nur Otan" партиясының Шыңғырлау аудандық филиалы "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында аудан ардагерлерінің өмірбаяны мен олардың ерлігі туралы мәліметтерді қамтитын жарияланымдар бойынша "Challenge" ұйымдастырды. Осыған байланысты мен - атам Байсақалов Сапарғали туралы мәліметті ұсынбақпын. Атам Сапарғали - 1902 жылы дүниеге келген.1942 жылы Шыңғырлау әскери комисариатынан соғысқа алынды. 41 жасында Ұлы Отан соғысында ұрыста қаза тапқан. Елден жырақта жер жастанған қатардағы жауынгер Сапарғали атамыз Орлов облысы, Ивановка селолық округ маңындағы Непочатая жерінде қаза тауып, жерленіпті. 2018 жылы мұрағаттан деректер тауып, жерленген жеріне туыс бауырластар қабіріне әкем Төлеген балаларын ертіп, басына барып құран бағыштап туған жердің бір уыс топырағы мен бір түп жусанын апарып келді.Тірі әкесін таппаса да, оның мәйітін көріп, зиратына бір уыс топырақ салудың өзі бір үлкен ғанибет, ата-баба алдында ұрпақтың парызы.
Барша жерлестерімді Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтаймын. Осы шараның жалғасы ретінде бұл "Challenge"-ді "Nur Otan" партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының барлық Бастауыш партия ұйымының төрағалары мен мүшелеріне және аудандық маслихаттағы фракция депутаттарына жолдаймын.
#ҰЛЫЖЕҢІСКЕ76ЖЫЛ
#Qaharman
#NurOtan
