Мазмұнға өту

Жаңа

Бір-ақ күнде партияcын сатып жіберген адамнан барлық нәрсені күтуге болады

Құрметті оқырмандар! Баршаңызды бүгінгі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Отан қорғау деген жаугершілік кезеңде ғана емес, бейбіт күндерде де атқаратын тынымсыз жұмыстар. Оған жұмысыңды адал атқару, тәрбиелі, отаншыл ұрпақ өсіру, елге пайдалы істер жасау деген секілді әрекеттерді жатқызуға болады. Еліміздің іргесі берік, болашағы жарқын болсын дей отырып, назарларыңызды мына бір жәйтке аударғымыз келеді.Қоғамда соңғы кезде Жанболат Мамайдың аяқ астынан Бауыржан Байбекке "соқтығысып", аттанға басып, айқай-сүрен салып отырғаны белгілі. Осыны өз пайдасына орайластырып, мәселенің байыбын түсінбей, істің ақ-қарасын ажыратпай, отқа май құюшылар да табылуда. Бұған "көктен іздегені жерден табылғандай", өмір бойы "оппозиция" сымақ Ермұрат Бапи де білек сыбанып кірісіп жүр. Өзі жетекшілік етет…

0
0
672

Сұрапыл соғыстың көзін көрген Ысқақов Берлібек ардагерімізді құттықтап қайтты.

Қиямет пен қырғын қан төгістен арылып, армандап жеткен жеңісімізге биыл 76 жыл толғалы отыр.Сондықтан осы жеңістің 76 жылдығы ашық аспан астында, бейбіт өмірде тойлағалы отырғанымыз үшін ардагер ата - әжелерімізге айтар алғысымыз шексіз.Ұлы жеңіс мерекесі қарсаңында "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында « Nur Otan» партиясы Сарқан аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абдрахманов Аслан Төреханұлы және Сарқан қаласының әкімі Орынбеков Амантай Мұқанұлы сұрапыл соғыстың көзін көрген Ысқақов Берлібек ардагерімізді келе жатқан мерекесімен құттықтап, алғыс хат пен сыйлықтар табыстап ақ батасын алып қайтты.Адамзат жүрегіне айықпас жара салған екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, отты жылдардың елесі әлі күнге халық жүрегінен өшпейті…

0
0
338

Жеңіс мерекесінде соғыс ардагерлерімен қатар, тыл еңбеккерлері де құрметке бөленді.

олардың амандығын тілеген ел жұрты ,Тылда аянбай еңбек етіп,Ерлік үлгісінің сан қырын таныта білген.Міне,сондай жандардың бірегейі Жұманова Шакен Мұхтарқызы апамызбен, көп құрсақ көтерген «Алтын Алқа» иегері Смайлова Патсайы анамызыды « Nur Otan» партиясы Сарқан аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абдрахманов Аслан Төреханұлы және Сарқан қаласының әкімі Орынбеков Амантай Мұқанұлы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 76-жылдығы қарсаңында тыл ардагерлеріміздің бүгінгі тұрмыс-тіршілігімен танысып, мерекесімен құттықтап қайтты.

0
0
187

Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше күн.Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.Еліміз бен халқымыз гүлденіп, аспанымыз әрдайым ашық болсын! Елімізден ынтымақ пен береке кетпесін!Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз!

0
0
267

9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында өткен кездесу

Қарасай аудандық мәслихат депутаттары Қанат Дүйсембаев, Айжан Балажанова, Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығы және "Жас Отан" жастар қанатының белсенділерімен бірлесе ҰОС ардагері, ғасыр құрдасы, Райымбек ауылының 100 жастағы тұрғыны Иса Керимтаевты Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Ата-әжелер үшін сыйлықтар мен заттар маңызды болмауы мүмкін, бірақ оларды ардақтап, көңіл бөлу, барынша қамқорлық көрсету әрбіріміздің азаматтық парызымыз деп білеміз.

#ЕшнәрседеЕшкімдеҰмытылмайды

#ардагерлердіардақтайық

#ардагерлердіардақтайыққарасайауданы

#қарасайжастары

0
0
191

Ардагерлермен өткен жылы жүздесу

“Ардагерлерді ардақтайық” партиялық жобасы аясында Қарасай аудандық мәслихат депутаттары Меруерт Бигельдиева, Назима Жайлаубекова 9 мамыр-Жеңіс күні қарсаңында Қаскелең қаласының тұрғыны 94 жастағы тыл ардагері Алиев Омар Аслановичті, Жандосов ауылының тұрғыны 92 жастағы тыл ардагері Жолдыбекова Рысжан ардагерлерімізді мерекемен құттықтап қайтты. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы азаматтардың еңбегі орасан зор екені бәрімізге мәлім. Рысжан апа бес баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеген. 24 немере, 10 шөбере және 2 немене сүйген ардақты ана.

Апамызға денсаулық, отбасына амандық тілей отырып, кішігірім сый-құрмет жасады.

#ЕшнәрседеЕшкімдеҰмытылмайды

#ардагерлердіардақтайық

#ардагерлердіардақтайыққарасайауданы

0
0
179

Ардагермен өткен кездесу

Қарасай аудандық мәслихат депутаты Айжан Балажанова, Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығы және "Жас Отан" жастар қанатының белсенділерімен бірлесе Қаскелең қаласының тұрғыны, тыл ардагері Лидия Болгерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

#ЕшнәрседеЕшкімдеҰмытылмайды

#ардагерлердіардақтайық

#ардагерлердіардақтайыққарасайауданы

#қарасайжастары

0
0
185

7 - мамыр "Отан қорғаушылар" күні құтты болсын!

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

0
0
289

«Nur Otan» партиясы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Бүгін, 9 мамыр – Жеңіс күніне арнап «Nur Otan» партиясы атынан ауданымызда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Этманов Александр Романовичке құттықтау ашықхаты және азық-түлік себеті жеткізілді.

Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Жеңіс күнінің маңыздылығы туралы «9 Мамыр – әрдайым бәріміздің мерейімізді үстем ететін күн», – деген, сондықтан да аталарымыз жасаған ерлікке әрқашанда тағзым етеміз.

0
0
195