«Nur Otan» партиясы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады
Бүгін, 9 мамыр – Жеңіс күніне арнап «Nur Otan» партиясы атынан ауданымызда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Этманов Александр Романовичке құттықтау ашықхаты және азық-түлік себеті жеткізілді.
Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Жеңіс күнінің маңыздылығы туралы «9 Мамыр – әрдайым бәріміздің мерейімізді үстем ететін күн», – деген, сондықтан да аталарымыз жасаған ерлікке әрқашанда тағзым етеміз.
