9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында өткен кездесу
Қарасай аудандық мәслихат депутаттары Қанат Дүйсембаев, Айжан Балажанова, Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығы және "Жас Отан" жастар қанатының белсенділерімен бірлесе ҰОС ардагері, ғасыр құрдасы, Райымбек ауылының 100 жастағы тұрғыны Иса Керимтаевты Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Ата-әжелер үшін сыйлықтар мен заттар маңызды болмауы мүмкін, бірақ оларды ардақтап, көңіл бөлу, барынша қамқорлық көрсету әрбіріміздің азаматтық парызымыз деп білеміз.
#ЕшнәрседеЕшкімдеҰмытылмайды
#ардагерлердіардақтайық
#ардагерлердіардақтайыққарасайауданы
#қарасайжастары
