Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сұрапыл соғыстың көзін көрген Ысқақов Берлібек ардагерімізді құттықтап қайтты.

Қиямет пен қырғын қан төгістен арылып, армандап жеткен жеңісімізге биыл 76 жыл толғалы отыр.Сондықтан осы жеңістің 76 жылдығы ашық аспан астында, бейбіт өмірде тойлағалы отырғанымыз үшін ардагер ата - әжелерімізге айтар алғысымыз шексіз.Ұлы жеңіс мерекесі қарсаңында "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында « Nur Otan» партиясы Сарқан аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абдрахманов Аслан Төреханұлы және Сарқан қаласының әкімі Орынбеков Амантай Мұқанұлы сұрапыл соғыстың көзін көрген Ысқақов Берлібек ардагерімізді келе жатқан мерекесімен құттықтап, алғыс хат пен сыйлықтар табыстап ақ батасын алып қайтты.Адамзат жүрегіне айықпас жара салған екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, отты жылдардың елесі әлі күнге халық жүрегінен өшпейтіні белгілі.Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Ата-әжелер үшін сыйлықтар мен заттар маңызды болмауы мүмкін, бірақ оларды ардақтап, көңіл бөлу, барынша қамқорлық көрсету әрбіріміздің азаматтық парызымыз деп білеміз.

0
0
301

Осы тақырып бойынша

Сұрапыл соғыстың көзін көрген Ысқақов Берлібек ардагерімізді құттықтап қайтты. - Yvision.kz