Мазмұнға өту

Жаңа

Алиев Хабибулла Нассруллаұлы

1979-1981 жылдар аралығында әскер қатарында болып,әскерден келгеннен кейін 1982-1998 жылдары Қапал ауылындағы автобазада жүргізуші блып жұмыс жасады.1987 жылы 27 мамырдан 2 тамыз айларында Черноблыь атомды электр станциясының апатынан болған зардаптарды жоюға қатысқан.Онда жүргізуші болып жұмыс істеп, сол жердегі апатты блоктарды залалсыздандыруға атсалысқан.1987 жылы 20040 әскери бөлім майоры Мищенкодан мадақтама алған.Чернобыльдағы радиацияның әсерінен 1996 жылдан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген III топты (2008жылдан) өмірлік мүгедек.2006 жыл АЭС - нің 20 жылдығының Чернобль ардагері деген төсбелгісімен, 2011 ж АЭС - нің 25 жылдығының медалімен, 2015 жылы АЭС - нің 30 жылдығының медалімен және 2017 жылы "Чернобыль АЭС - нің апат зардабын жоюға қатысушы" төсбелгісімен марап…

0
0
285

Жеңіс есімдері

5 мамыр күні Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына орай ауыл ақсақалдар төрағасы Оразбеков Аманғали бастаған топ ақсақалдар ауылымыздың тұрғыны соғыс ардагері Моисеев Гаврил Степановичті кележатқан мейрамымен құттықтап, сыйлық табыстады.#Qaharman #NurOtan

0
0
170

Молықбай Байсақұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы .

Ақсу аудандық партия филиалы Саяси Кеңесінің 2019-2020 жылдардағы атқарған жұмысы және алдағы тұрғын міндеттер туралы; Ақсу аудандық филиалы Саяси Кеңесінің мүшелерін сайлау: Алматы облыстық партия филиалының ХХVIII кезекті Конференциясына делегаттар сайлау. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық партия филиалының төрағасы Е.Базарханов баяндама жасады. Жарс сөзге аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, «Отан» Алматы облысының кәсіптік-техникалық оқу орталығының Ақсу аудандық филиалының директоры Ғ.Мұсабаланов, «Ақсу ауданы жастары» жетекшісі, «Jas Otan» ЖҚ-аудандық жетекшісі Ә.Садықова, «Молықбай» бастауыш партия ұйымының Бюро мүшесі, М.Байсақұлы атындағы мәдениет үйінің әдіскері А.Серікова, Е.Сиқымов атындағы орта мектебінің қызметкері Э.Иман…

0
0
248

Жеңіс мерекесі

580 атқыштар полкінің құрамында взвод командирінің көмекшісі ретінде аға сержант дәрежесінде майданның алғы шептерінде жауға қарсы кескілескен ұрыстарға қатысады. 15 наурыз 1943 жылы қолынан, ал 1944 жылы 25 қыркүйекте оң көзінен ауыр жараланады.Ұлы Отан соғысы кезіндегі майданда көрсеткен ерліктері үшін "Отан соғысы" орденінің бірінші және екінші дәрежесімен, "Ерлігі үшін " және басқа да көптеген медальдарымен марапатталды. Емделіп шыққаннан кейін Қазан қаласында соғыс өнімдерін шығаратын заводқа кіріп жұмыс жасады.Сол жерден 1946 жылы елге қайтып, еңбекке араласты. Ақсу ауылында болған май зауытының бас есепшісі, 1962 жылы аудан орталығында құрылған ауылшаруашылық басқармасының бас есепшісі, 1967 жылы колхоздарды совхоздарға айналдыру басталды. Сол жылы Діңгек қазіргі Есеболатов совхозы…

0
0
198

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн-сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні. Бұл күн-әділеттің әділетсіздікті жеңген күні. Бұл күн-бүгінгі ұрпақтың сіздер сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күні.Бұл күн - қан майданда парыз бен намысты алға қойған, елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, қараниет жауға төтеп берген, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігінің, биік рухының мерекесі. Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні... Үйіне, отбасына, ата-анасына оралмаған аталарымыз бен ағаларымызды, әпкелерімізді сарыла күткен сағыныш күні...Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке то…

0
0
466