Ардагерлермен өткен жылы жүздесу
“Ардагерлерді ардақтайық” партиялық жобасы аясында Қарасай аудандық мәслихат депутаттары Меруерт Бигельдиева, Назима Жайлаубекова 9 мамыр-Жеңіс күні қарсаңында Қаскелең қаласының тұрғыны 94 жастағы тыл ардагері Алиев Омар Аслановичті, Жандосов ауылының тұрғыны 92 жастағы тыл ардагері Жолдыбекова Рысжан ардагерлерімізді мерекемен құттықтап қайтты. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы азаматтардың еңбегі орасан зор екені бәрімізге мәлім. Рысжан апа бес баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеген. 24 немере, 10 шөбере және 2 немене сүйген ардақты ана.
Апамызға денсаулық, отбасына амандық тілей отырып, кішігірім сый-құрмет жасады.
#ЕшнәрседеЕшкімдеҰмытылмайды
#ардагерлердіардақтайық
#ардагерлердіардақтайыққарасайауданы
