Мазмұнға өту

Жаңа

Алматыда жөндеуге байланысты Сейфуллин даңғылының учаскелері біраз уақытқа жабылады

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Сейфуллин даңғылы учаскелерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.1 УЧАСКЕ: 24 қыркүйекте сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін Тобаяқов көшесінен Сейфуллин-Жансүгіров жолайрығына дейін көлік қозғалысы жабылады. Айналма жол Радищев, Тобаяқов және Жансүгіров көшелерімен қамтамасыз етіледі.2 УЧАСКЕ: 25 қыркүйекте сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін қозғалыс Ақпаев көшесінен Рысқұлов даңғылына дейін жабылады. Айналма жол Ақпаев пен Жансүгіров көшелерімен қамтамасыз етіледі.Жөнделетін учаскелерде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz айтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдікте…

0
0
283

Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында іс-шаралар өтуде

25 қыркүйекте «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Абай облысында ауқымды экологиялық шаралар өтті. Олар экологиялық жағдайды жақсартуға, елді мекендердегі тазалықты қалпына келтіруге көмектесіп қана қоймай, тұрғындарды ортақ іске – туған жерінің игілігі үшін еңбек етуге біріктіреді.Су қоймаларын, саябақтарды, алаңдарды, көшелер мен аулаларды қамтыған ірі сенбіліктерге жүздеген жергілікті тұрғындар шықты. Олардың барлығы да туған жерінің келбетіне бей-жай қарамайтыны анық. Өйткені болашақ ұрпақтың экологиялық санасын көтеру дәл қазірден басталатынын анық біледі. Ал «Таза Қазақстан» бағдарламасы бұл үшін тамаша мүмкіндік қана емес, болашақта тазалықты сақтауға ынталандыру.Cонымен қатар ауқымды сенбілік Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күні…

0
0
311

Карьера или работа по душе в сфере развлечений: что выбрать?

Современная индустрия развлечений предоставляет огромное количество возможностей для профессионального роста. Однако многие люди сталкиваются с важным вопросом: стоит ли строить карьеру с перспективой быстрого продвижения по службе или лучше заниматься тем, что действительно приносит удовольствие? Давайте разберёмся, как сделать правильный выбор между карьерой и работой по душе в сфере развлечений.1. Понимание карьеры в индустрии развлеченийКарьера в сфере развлечений может включать работу в различных направлениях: от разработки видеоигр и кинопроизводства до создания событий и управления клубами. Построение карьеры часто подразумевает строгие и чётко очерченные шаги — получение новой должности, повышение зарплаты, рост ответственности. Люди, нацеленные на карьерный рост, активно стремятс…

0
0
206

Әнші Ғалымжан Жолдасбай: АЭС халық игілігі үшін салынады

Ғалымжан Жолдасбай – тыңдарман жүрегіне жол салған кең тынысты танымал әнші. Жуырда Ақтауда қала күніне орай ұйымдастырылған концертте өнер көрсеткен Ғалымжан Жолдасбай АЭС құрылысы жайлы пікірімен бөлісті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.

Әнші халық тұрмысының жай-күйі электр қуатымен қамтамасыз ету деңгейіне тікелей байланысты екенін айтады.

-Атом электр станциясы ел дамуына елеулі әсер ететін ерекше жоба деп білемін. Атом қуатын халық игілігіне бағыттау жобасын өзім қолдаймын.Ең бастысы нысан құрылысы тиісті мекемелер тарапынан қатаң қадағалануы тиіс. Қомақты қаржы өз жолымен жұмсалуы тиіс. 6 қазан күні әр адам өз пікірін біліп, дауыс берсе деймін. Бәрі де оңынан болғай,-дейді Ғалымжан Жолдасбай.

0
0
229

Атырау облысының әкімі Паралимпиада ойындарының жүлдегерлері мен қатысушыларын құттықтады

18 қыркүйек күні аймақ басшысы Серік Шәпкенов XVII жазғы паралимпиада ойындарының жеңімпаздарымен және қатысушыларымен кездесіп, спорттағы жоғары жетістіктері үшін арнайы марапат табыстады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Биыл паралимпиадаға қатысқан атыраулық спортшылар Зарина Раифова мен Жұрқамырза Шүкірбеков пара дзюдодан қола жүлде алды. - Сіздерді спорт әлеміндегі дүбірлі дода, төртжылдықтың басты бәсекесінің бірі — Париж Паралимпиадасындағы жетістігіңізбен шын жүректен құттықтап, жастарға жарқын үлгі бола білгеніңізге ризашылығымды білдіремін. Атырау жұрты ел намысы жолында аянбай тер төгіп, биік мақсаттарға көз тіккен өздеріңіздей еңселі перзенттерін мақтан тұтады. Алар асуларыңыз көп болып, қоржыныңыз жүлдеге толсын! Еңбегіңіздің жемісті, жолыңыздың жеңісті болуына…

0
0
237

Энергетик Асқар Қасымов: Қазақстандағы АЭС жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университетінде физика және химия ғылымдары зерттеу мектебінің деканы Асқар Қасымов Қазақстанда АЭС құрылысын жүргізудің экономикалық-әлеуметтік тиімділігі турасында маңғыстаулық жұртшылықпен пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. - Болашақ АЭС-те 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтылады. Қазақстан университеттерінде ядролық физика, ядролық энергетика бойынша кадрлар дайындалып жатыр. АЭС құрылысы 10 жылдай уақыт алатындықтан, қажетті кадрлар үшін арнайы оқу бағдарламалары әзірленіп, оқытылады. Сондықтан, кадр тапшылығы болмайды деп ойлаймын, - дейді Асқар Қасымов. Оның айтуынша, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін отандық энергетикалық құрылымды әртараптандыру маңызды. «Озық технологиялар АЭС-те жоғары қауіпсіздік деңгей…

0
0
222

«Сүлейменшілер» теріс діни ағымы туралы не білеміз?

Өткен жылдың басында «Жібек Жолы» қайырымдылық мекемелері қауымдастығына қатысты шу шықты. Осы ұйымға қарасты пансионаттардың тәрбиеленушілері мұндағы былықтарды жайып салған еді. Содан кейін Алматыдағы мекемелерде тексеру басталды.Фото: adaspa.kzАталған қауымдастық пансионаттарына студенттер мен мектеп оқушыларын рухани тәрбие берумен қатар қазіргі заманға сай оқытамыз деп алады екен. Ресми сайтында да былай деп жазылып тұр: «Қауымдастықтың мақсаты — Мектеп оқушылары мен студент жастарға жайлы жатын орын, адал ас беріп, ыңғайлы орта жаратып, материалдық көмек көрсету. Елін сүйіп, жерін қадір тұтатын, тарихын танып, дәстүрін ұғатын, тілін құрметтеп, дінін қастерлейтін өнегелі ұрпақ тәрбиелеу».Жазылған мақсаттары керемет. Бірақ іс жүзінде олай еместігін сондағы тәрбиеленушілер мен олардың…

0
0
841

Маңғыстаулық өнерпаздар жалпыхалықтық рефрендумды қолдады

Маңғыстау облыстық АЭС құрылысын қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері Н. Жантөрин атындағы өңірлік музыкалық-драма театрының ұжымымен кездесіп, бейбіт атом қуатын экономика игілігіне бағыттаудың басымдықтары, халықтың әлеуметтік әлеуетіне оң әсері жөнінде пікір алмасты. «Еліміз бойынша халық тығыз қоныстанған шығыс пен оңтүстік өңірлерде электр қуатынының жетіспеушілігі белең алуда. Тіпті былтыр біздің өңір Маңғыстауда қыста жылумен жабдықтау желілеріндегі апаттар салдарынан біршама қиындықты бастан өткердік. Себебі «МАЭК» энергетикалық комбинаты 30 жылдан бері күрделі жөндеу көрмей әбден тозығы жеткен. Мұндай көрініс еліміздің көптеген өңірлерінде қалыпты жайт. Сондықтан мемлекеттік деңгейде электр қуатын өндіретін кәсіпорындар салу керек деген шешім шықты. Осы тұста күн мен жел энерг…

0
0
182

Yessenov University қызметкерлері АЭС құрылысын талқылады

Ақтауда АЭС құрылысын қолдау жөніндегі штаб мүшелері Yessenov University қызметкерлерімен кездесіп, референдум, атом электр станциясының болашағы, ғылым мен білім жайлы пікір алмасты.Қазіргі таңда елде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70%-ы көмір электр станцияларына тәуелді. Алайда, жұмыс істеп тұрған станциялар жыл өткен сайын тозып, істен шығуда. Бұл өз кезегінде электр энергиясының тапшылығына әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар елдің экономикасы мен экологиясы үшін де аса қауіпті.Штаб мүшелерінің айтуынша, елдің энергетикалық тұрақтылығын сақтап, түрлі салада топ бастауымыз үшін АЭС бой көтеруі керек. Ал АЭС қызметі мен салынуына, ел азаматтарын тұрақты жұмыспен қамтуға мемлекет қауқарлы екенін алға тартты.- Халық АЭС-ның болашағына, онда жұмыс істейтін жастардың білім, бі…

0
0
339

«Ұлттық ойындар – бабадан қалған асыл қазына» отбасылық ойындар жарысы

13 қыркүйек күні Астана қаласында V  Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында «Ұлттық ойындар– бабадан қалған асыл қазына» атты отбасылық жарыс өтті. Шараны орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ ұйымдастырып, оған Т.Айбергенов атындағы №16 мектеп, Абай атындағы №87 мектеп-гимназия, №31 мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандары және қала тұрғындары қатысты.Шара барысында «Тоғызқұмалақ», «Асық», «Арқан тарту» сияқты ұлттық отбасылық ойындар ойнатылып, кітап көрмесі өтті.  Асық ойынын Елорда ақсақалдары кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әнуарбек Ералы ашса, Сарыарқа ауданы ақсақалдары кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Мырзақанұлы Нұрғазин бұл ойынының тарихы мен мағынасына тоқталып, оны ойнаудың тәсілдерін көрсетті. Асықтың түрлерін айтып берді. Ойын кезінде асы…

0
0
515