Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Әнші Ғалымжан Жолдасбай: АЭС халық игілігі үшін салынады

Ғалымжан Жолдасбай – тыңдарман жүрегіне жол салған кең тынысты танымал әнші. Жуырда Ақтауда қала күніне орай ұйымдастырылған концертте өнер көрсеткен Ғалымжан Жолдасбай АЭС құрылысы жайлы пікірімен бөлісті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.

Әнші халық тұрмысының жай-күйі электр қуатымен қамтамасыз ету деңгейіне тікелей байланысты екенін айтады.

-Атом электр станциясы ел дамуына елеулі әсер ететін ерекше жоба деп білемін. Атом қуатын халық игілігіне бағыттау жобасын өзім қолдаймын.Ең бастысы нысан құрылысы тиісті мекемелер тарапынан қатаң қадағалануы тиіс. Қомақты қаржы өз жолымен жұмсалуы тиіс. 6 қазан күні әр адам өз пікірін біліп, дауыс берсе деймін. Бәрі де оңынан болғай,-дейді Ғалымжан Жолдасбай.

0
0
193

Осы тақырып бойынша