Мазмұнға өту

Жаңа

Аудан әкімінің кезекті қабылдауы

Бүгін «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы ғимаратында аудан әкімі Азамат Сафималиев аудан тұрғындарын онлайн режимде қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдады.

Қабылдауға 15 тұрғын жазылып, олардың 5-еуі байланысқа шыға алмады.

Қалғандары аудан басшысына жер, тұрғын үй, жұмысқа орналасу сынды мәселелерін жеткізді.

Өз кезегінде аудан әкімі Азамат Сафималиұлы тұрғындарды онлайн режимде тиісті мекеме басшылырымен сөйлестіріп, мәселелердің шешілу жолдарын қарастыруға тапсырма берді.

Аталған өтініш-тілектердің арасында тұрғын үй сұраушылардың қатары көп.

0
0
188

Пандустарды тексерді

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта құру және өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде мекемелерге бақылау жүргізілді.

Нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі жандардың 4 санатына қолайлы жағдай жасау, кемшіліктерді жою бойынша мекемелерге ұсынымдар айтылды.

0
0
188

«Канвассинг» шарасы шеңберінде

«Канвассинг» шарасы шеңберінде «Nur Otan» партиясынан Жәнібек аудандық мәслихатының депутаты Берік Ихсанов Жәнібек ауылы Жәнекешев көшесі №1 үйінің тұрғыны Қаламқас Оспанованың үйінде болып, оның хал-жағдайымен танысты.

Өз сөзінде Берік Ихсанов ауданымызда атқарылып жатырған жұмыстар туралы хабардар етіп, аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бағытында партия тарапынан қолға алынған шаралар жөнінде баяндады. Сондай-ақ Берік Ихсанов колледжде 30 жылдан астам еңбек жасап, бүгінде зейнетке шыққан Оспанованың жеке мәселелерімен танысып, олардың оң шешілуіне атсалысуға әркез дайын екендігін жеткізді.

Өз кезегінде Қаламқас Сұлтанқызы көрсетіліп жатырған қамқорлыққа шынайы ризашылығын білдіріп, қызмет атқарып жүрген барлық азаматтарға сәттіліктер мен табыстыр тіледі.

0
0
205

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағ-н Жәнібек ауданында іске асыру жөнінде

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Жәнібек ауданында іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттердің орындалуына партиялық бақылау жүргізу мақсатында «Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы бөлімінің басшысы Манарбек Әдиев, Тау, Қамысты және Талов ауылдық округтерінде болып, Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылып жатырған жұмыстардың барысымен танысып қайтты.Атап айтқанда, сапар барысында Тау ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Төрешев және Қамысты ауылдық округінің әкімі Нұрлан Аюпов, Тау және Қамысты ауылдарындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды салу жұмы…

0
0
222

Екі жобаға 75 млн теңге бөлінді

Сондай-ақ бүгін «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиев Қамысты және Тау ауылдық округтерінде болып, ұзындығы 2,4 шақырым болатын жаяу жүргіншілерге арналған тротуардың құрылыс барысын тексерді. Екі жобаға аудандық бюджеттен 75 млн теңге қарастырылған. Құрылыс жұмыстарының мердігері «Жайық Сити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Аталмыш жобаларға партиялық бақылау шаралары жүргізіліп, бақылау барысында жұмыс сапасына мән беру, құрылыс жұмыстарына тұрғындарды тарту мәселелері айтылды. Екі ауыл бойынша құрылыс жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр. Қазіргі таңда тротуардың жүретін, салынатын орындары даярланып, көтеріл…

0
0
174

Партиялық бақылау жасалды

Бүгін «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиев және Талов ауылдық округінің әкімі Нұрдәулет Қыдырғалиев аталмыш ауылға қарасты Майтүбек елді мекенінде өткізіліп жатқан ауыз су құбырының құрылысына партиялық бақылау жасады. Су құбырының құрылысы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылуда. Келісімшарт бойынша құрылыс жұмысының құны 238 млн. теңгені құрап отыр. Мердігері — Талдықорған қаласының «Көлсай» жауапкершілігі шектеулі серіктемтігі. Құрылыс жұмыстары 1 мамырдан бастап басталды. Жоспарға сай қыркүйек айында аяқталуы керек. Жалпы жоба бойынша аталған елді мекендегі екі әлеуметтік ныса…

0
0
245

Облыстық мәслихатының депутаты ауыл тұрғындарды қабылдады

«Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық қоғамдық қабылдауына қатынасқан Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Есқайыр Елемесов Жәнібек ауылы №5 үй 3 пәтердің тұрғыны, зейнеткер Меңсұлу Жұмақұлованы жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргізді.Қабылдауда Менсұлу Жұмақұлова өзінің тұрғын үйі жөндеуді қажет ететіндігін жеткізіп, оның материалдық жағдайына байланысты үйді жөндеуден өткізу үшін көмек көрсетуді сұрады. Осы өтінішке байланысты Есқайыр Елемесов жәрдем көрсету бойынша шаралары қолға алынатындығын хабардар етті. Нәтижесінде, Есқайыр Елемесов жетекшілік ететін «Символ» ЖШС тарапынан үйді жөндеуден өткізу (терезелерді ауыстыру) бойынша қажетті жұмыстар атқарылды.Қамқорлық танытып, қолұшын бергені үшін Меңсұлу Жұмақұлова Есқайыр Елемесовке және «Символ» ЖШС ұжымына өз ризашылығын…

0
0
214

онлайн-форматта аудандық филиалының Өңірлік даму жөніндегі Қоғамдық Кеңестің отырысы өткізілді

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиевтің төрағалығымен онлайн-форматта «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының Өңірлік даму жөніндегі Қоғамдық Кеңестің отырысы өткізіліп, партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша мәселелер қаралды. Отырысқа аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция мүшелерімен қатар, тиісті мемлекеттік мекеме басшылары қатынасты.Отырыс күн тәртібіне сай Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айткалиев және Жәнібек аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Миранбек Ибатов сайлауалды бағдарламасында айқындалған жұмыссыздық деңгейін азайту міндеттерін орындау бойынша атқарылған ж…

0
0
222

"Балалар үшін қауіпсіз және жайлы Инфрақұрылым" атты акциясы

«Nur Otan» партиясының "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында "Балалар үшін қауіпсіз және жайлы Инфрақұрылым" атты акциясы Жәнібек ауылында аудандық партия бақылау комиссияның мүшелерімен өткізілді. Акция ашық люктердің болуына, аулаларды жарықтандыруға, қозғалыс қауіпсіздігіне рейд жүргізуді көздейді. Акцияны өткізу барысында кемшіліктер анықталған жоқ,барлық қауіпсіздік шаралары сақталған.

0
0
217

Жәнібек ауылында тұрғындардың наразылығын тудыруда

Бүгін партиялық бақылау аясында «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мейрамбек Ибатов-жұмыспен қамту орталығының басшысы, «Жәнібек» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ләззат Айтқалиқызы , аудандық жол полициясының инспекторы Динара Масанова және басқа да топ мүшелері арнайы бақылауға шықты. Ауданға жол салынатынын естігенде Жәнібектіктердің қуанышында шек болмады. Алайда жол салып жатқан мердігерлердің жүк тасушы ауыр көліктері Жәнібек ауылының ішімен өтіп, ауылішілік асфалтты бүлдіре бастады. Дәлірек айтсақ ауыл сыртында орналасқан айналма жолмен өтуді қиынсынған жүргізушілер, жол қысқартпақ ниетпен Жәнібек ауылының оңтүстік бағытындағы Е…

0
0
221