Жастар ісі жөніндегі Кеңестің отырысы өтті.
Жастар ісі жөніндегі Кеңестің отырысы өтті.
«Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалының жанындағы Жастар ісі жөніндегі Кеңестің отырысы «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Л.Жұбанышқалиеваның төрағалығымен онлайн форматта өтті. Жиынға Тасқала аудандық білім беру бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық әдіскері Сағынов Нұртілек Тлегенұлы, аудандық полиция бөлімінің кәмілетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы полиция аға лейтенанты Тапалов Эльдар Батырович және комиссия мүшелері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде «Жасөспірімдер арасындағы суициалдық іс – әрекеттің алдын алу» және «2021 жылы кәмелетке толмаған жасөспірімдер және жастар арасындағы құқық бұзушылықпен күрес және алдын – алу шараларының орындалуы» туралы қаралды.
Қорытындылай келіп, ауылдық округ жастар ресурс жетекшілеріне, білім бөлімі, мәдениет жіне спорт бөлімі, аудандық полиция бөлімінің кәмілетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторымен бірлесіп, кәмілетке толмаған жастардың уақыттарын тиімді пайдалану және аз қамтылған отбасыларын үнемі назарға алуға тапсырмалар берілді.
