Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңа депутат сайланды

"Nur Otan" партиясы Жаңақала аудандық филиалының төрағасы Қарағойшин Наурызбай Қадырбайұлы төрағалығымен Саяси Кеңесі Бюросының онлайн форматта отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде аудандық мәслихаттың депутаттығының бос орнына партиялық резервтік тізімнен үміткерді ұсыну туралы мәселесі қаралды. Бұрынғы қалыптастырылған депутаттардың көпшілігі білім саласынан болғандықтан ауылшаруашылық мәселелерін көтеру мақсатында бұрын прймериз арқылы қалыптастырылған партиялық резервінде праймериз бойынша 186 дауыс, белсенділігі үшін 228 балл жинаған «Nur Otan» партиясының мүшесі Текебаев Эдге Қабдығалиұлының кандидатурасын ұсыну туралы Саяси Кеңесінің Бюросының қаулысы қабылданды.

Осы қаулы аудандық сайлау комиссиясына жолданып, Э.Текебаевтың кандидатурасын мақұлдау туралы шешімі шығарылып, аудандық мәслихатқа жолданды. 12 тамыз күні онлайн форматта аудандық мәслихаттың сессиясының отырысы өткізіліп аудандық мәслихатқа «Nur Otan» партиясы атынан сайланған Текебаев Эдге Қабдығалиұлының депутаттық өкілеттігі танылып, оған төсбелгі мен куәлік табыс етілді.

1
0
232

Осы тақырып бойынша

Жаңа депутат сайланды - Yvision.kz