Партиялық бақылау комиссиясы құрылыс жүріп жатырған тұрғын үйлерді тексерді
«Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалының жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы С.Жардемалиев, аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматов және комиссия мүшелері «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты «Nur Otan» партиясы Жаңқала аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген ауданымыздағы салынып жатырған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысын қарады. Құрылыс жұмыстарының барлығындада жергілікті жердің тұрғындарын қосымша қамтыған. Комиссия мүшелері ауа-райының қолайлы кезеңін тиімді пайдаланып қалу керектігін тапсырды. Құрылыстардың мерзімінде сапалы аяқталуын Партиялық бақылау комиссиясы үнемі назарда ұстайтын болады.
