Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жәнібек аудандық филиалының кезектен тыс XXXV сайлау конференциясы онлайн форматында өтті

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының кезектен тыс XXXV сайлау конференциясы онлайн форматында өтті.Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясының аудандық Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы, ауылдық округ әкімдері, мекеме-ұйым басшылары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты. Конференция отырысын филиал төрағасы А.Сафималиев төрағалық етті. Күн тәртібінде Жәнібек ауданы бойынша өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты Ақоба ауылдық округіндегі әкім сайлауына «Nur Otan» партиясынан кандидаттарды ұсыну мәселесі қаралды. Конференцияда күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, делегаттардың дауыс беру арқылы алдағы болатын сайлауға қатысу үшін Ақоба ауылдық округ әкіміне Жаналиев Мақсат Нұрболұлының кандидатурасы «Nur Otan» партиясының атынан ұсынылды, тиісті қаулы қабылданды.

0
0
212

Осы тақырып бойынша

Жәнібек аудандық филиалының кезектен тыс XXXV сайлау конференциясы онлайн форматында өтті - Yvision.kz