«Өңірлік даму» жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы
«Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалы жанындағы Қоғамдық Кеңестер отырысының онлайн-форматта отырысы өтті. Жиынға «Өңірлік даму» жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты. Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.1. Аудан бойынша интернет желісінің жұмысы2. 2021 жылы Жаңақала ауданына 21 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үй салу құрылысының жұмысы3. 2021-2022 жылдары Жаңақала ауылына 2 пәтерлі 40 жалдамалы тұрғын үй салу құрылысының жұмысыАудан бойынша 4024 телефон нүктесі, 3761 интернет, 309 ID-Tv нүктелері қосылған. Қазіргі таңда интернеттік желіге сұраныс көп, аудан бойынша 148 абоненттен сұраныс түскен. "Кcell-Аktiv" интернеттік желісі бойынша Мұқырға 17 абонентке, Сарыкөлге 11 абонентке,…
