"Жастарды қолдау" жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы
«Nur Otan» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі Жаңақала аудандық қоғамдық кеңесінің онлайн-форматта отырысы өтті. Жиынға қоғамдық кеңестің төрағасы және мүшелері қатысты. Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
2. Барлық ауылдық округтерде волонтерлік клубтар құру жолымен волонтерлік қозғалысты дамыту.
3."Жасыл ел" және "Жастар практикасы" бағдарламалары бойынша жастарды жұмысқа орналастыру.
Аудандық волонтерлар қайырымдылық шараларына белсенді араласады.
Қазіргі уақытта волонтерлардың қатарын арттыру, оларды ынталандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар волонтерлік топтар рейдтік шаралына қатысып, халықты ақпараттандыру мақсатында да жұмыстанады.
Жасыл ел бағдарламасы аясында аудан бойынша 4 маусымы бастау алды. 4 маусым бойынша аталмыш бағдарламамен 284 жас маусымдық жұмыспен қамтылды және аудан бойынша 82 квота бөлініп, тоғыз ауылдық округтің әрбіреуінде 4 сарбаздан бар. «Жасыл ел» қатарында еңбек етіп жатырған жастардың жасы 16-18 жас аралығындағы студенттер мен мектеп оқушылары. Он алты жастағы балалар ата-аналарының рұқсатымен қабылданды. Ал он сегіз жастағы жасөспірімдер өздерінің жұмысқа қабілеттіліктерімен келді. Жасыл елге қалай қабылдаймыз ең алдымен Квота бөлінгеннен кейін бізге қабылдау жөнінде арнайы хабарлама келеді, содан соң біз әлеуметтік желілерге саламыз. Бірінші кезеңде жұмыс істеген жастар, екінші кезеңде жұмыс жасамайды. Өйткені бізде келуші жастар өте көп – деп сөзін аяқтады Жаңақала аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Қ.Сапиуллин.
