Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы онлайн форматта өтті
"Nur Otan" партиясы Жәнібек аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы онлайн форматта өтті. Отырыста «Nur Otan» партиясының Жәнібек ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының 2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» орындалмау қауіпі бар жобалар бойынша тиісті мекеме басшылары баяндама жасады. Комиссия төрағасы Мейрамбек Ибатов жоспардың әр тармағына тоқталып, тиісті мекеме басшыларына Жол картасының іс-шаралын назардан тыс қалдырмауды тапсырды.

