Жомартпен сұхбат
- Жомарт, өз блогыңыздың тарихы жайлы айтып өтсеңіз... - Басқалардың жазбаларын белсенді түрде оқып, пікір қалдырып жүргеннен кейін 2008 жылы өз блогымды ашуға бел будым. Ол кезде Қазнетте standalone-блогосфера деген түсінік дамымаған және не болса да, бәрі жаңалық ретінде қабылданатын. Мен көп нәрсені Рунеттен біліп оқыдым, ресейлік блогшылармен байланыс орнаттым. Сілтемелермен алмасып, сол кезде блогосферада жиі болатын сайыстарға қатыстым. Бірте-бірте блогымның көрсеткіштері өсе бастады, қазір блогым Рунеттің 248 515 автономды блогтар ішінде 2747 орында. Тақырыптық цитаталау индексі (Яндекс іздеу салудың көрсеткіші) – 110, Google PageRank – 3. Сонымен қатар, мені Яндекс.Каталог пен DMOZ…

