Мазмұнға өту
terry09

terry09

Сайтта 2009 ж. 31 қазан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

7

пікірлер

5

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Қысқасы

Қысқасы, таныстым, Жүрдік, сөйледік, "Ертең кешке тағы.." деп, Уағдаластық, келістік. Осылай апталап айлар, Соңынан бір жыл өтті. Күндердің бір күнінде, Жанарының артынан, Дейік солардың түбінен, Мазасыз бір ой көрдім. "НЕ?" деген сұраққа, Жауап алмақ ниетпен, Сұрау салдым, сауал қойдым, "Жауабын өзің білер боласың, Есің мен миың жөн болса", Дегенді мен естідім. Қысқасы, мәселені шешудің, Амалын іздеп ойландым, Жауабы қалқыған су бетінің көбігі, Жары болу ердің, оның ол ойы.... Қысқасы..... Қалай болам, Махаббат па, әлде әдетпе, Байламын соның іздедім мен әрине, Жар қылып алу, үйге оны кіргізу, Жарасы жеңіл мәселе, Ал одан әрі бір болып тұру, Бөлме мен дәретхана, Одан қалса ас бөлмені бір бөлу, Ол өз алдына әңгіме. Қысқасы, ой үстінде, Мінгендей бір асауды, Шауып жүрген жайым бар. Қысқасы…

0
0
583

Не тыңдаймыз. . .

Қандай музыканы тыңдау, кімге жанкүйер болу мәселесі мен үшін қашанда өзектілер қатарынан табылған емес еді. Дегенменен бұл жайлы өз ойларыммен бөліскім келіп еді. Отандық өндіріс. Отандық яғни "қазақстандық", я болмаса қазақ эстрадасы еліктіріп, қызықтыра алмады. Тек Құрмаштың бір "Аңсағаным" деген әні болмаса, басқа жүректен орын тауып, елең еткен ән болмады. ТМД өнімдері. Ресей және басқа да бұрыңғы Кеңес елдерінде де көңіл қонымды өнім кездестірмедім. 90-шы жылдардағы Ресей эстрадасында бір еске қалған өлең Маликовтың "До завтра"-сы. Алыс және жақын шетел. Әрине жастық шақты еске салып, "көз жасын көл қылатындар" ICE MC, E-Rotic, Maxx, Fun Factory және т.б. Еуропа, атап айтқанда Германия, Швеция елдерінен шыққан нағыз europop жұлдыздары. Сол әуендер сонау 90-шы жылдары би кештерінде ш…

0
1
534

кешке қарай . . .

Кешкі Астана терезе артында. Бозарып атқан таң емес, көгі қызғылтқа боялған астана аспаны, яғни кеш. Жұмыстың соңғы минуттары. Қазір, бірер минуттардан кейін, үйге тартам. Бірақ, шамамен 12 сағаттан кейін қайтып келем. Кофэ және тапсам біраз-міраз тәтті алып, жаңа күнге аяқ басам. Көзді ашып-жұмғанша кеш келеді. Қайталанып, сол баяғы рәсімдер күн аралап тағы да келеді... Бозарып атқан таңды, Шырылдап жатқан оятарды, Таңғы душ, кофе мен шылымды, Қасымда жатқан жанды, Кейде өзімді танығым келмейді. Құмы пештей жылы, Суы жастай мөлдір, Орманы ну, Жағалауға не жетсін. Оған жетер мен жоқ, Жетпек түгіл, оны ойлап, Арман қуар уақыт жоқ. Тіршлік пен пендешілік, Жанды да, жадыңды да жаулаған, Тапсам, ішсем, алсам, Соларды асырап, Көңілін аулап, Бақытына олардың, Жолдасым мен болашақ баламның, Уақы…

0
3
675

Ақиқат. . .

Қазіргі таңда жазба баспасөзден гөрі, ғаламтор шарлап, қажетті ақпарды табу, қажетті ғана емес, ақиқатқа жақынын табу күнделікті іске айналған. Алайда, осыған қарамастан, нағыз ақиқатты табу қиынға соғуда. Неге дері бар ма, барлық мәселе ақша мен мүддеге келіп тіреледі. Тоталитарлық жүйеде бір партия, бір көзқарас, бір жалпыға бірдей ақпарат көзі болды. Қазір, ақпарат көзі мың алуан, ақиқат жазатыны жоқ десек, шындық ауылан 15 шақырымға да аспаспыз. Студент болған кезде есте қалған Томас Гобсс алде Габсс (тегі есімде айқын қалмапты) "адам адамға қасқыр" деген анықтамасы қазіргі күнде өз өзектілігін жоғалтпаған. Қазір ақиқат нағыз емес, қалтасын түрлі-түсті cash басқандарда. Солар төлеген ақиқат қоғамдық ойды (ортаны) қалыптастырып, баспасөз беттерімен қатар, түрлі форумдар мен басқа да ин…

0
0
1060

Батыл болмап едім сол кезде...

Өткенге өкініп, өксіп жинап көкірекке, жас шығару органдарын қинау менің әдетім емес еді. Алайда, «шіркін-ай»-нан «әттең-ай»-ы көп тіршілік циклында көңіл босайтын сәттер оқтын-оқтын болып тұрад. Сондай сәттердің бірі кеше болды.  Маil.ru-агентте бір ағымда қатарлас болған, бірақ мамандығы бөлек болған жігітті кездестірдім. Анау-мынау әңгіме қозғалды. Универ жылдары талқыға салынып, «пәленше сонда», «түгенше анда» әңгімесі жалғасын тапты. Сөз арасында сол қызды еске алдым. Ол сол жігітпен бір мамандық бойынша дәріс алған еді. «Көріппе едің ?» деген сұраққа «Білмедім, соңғы көргенімде сот әкімшілігінде қызметте еді, жеке өмірі жайлы білмедім» деп жауап қатты.   ... Күз. Универге жаңа келіп, айналамен танысу. Екінші парадан шығып, үйге беттеген едім. Қатарластарымыздың жартысы «та…

0
0
409

Алғашқы қадам . . .

Ассалаум оқырман !

Алай қарап, былай қарап, "әйтеуір" деп бастадық блогты.

Қазнетте "жжэшка" тұрпатты  қозғалыс бар болғанына таң болдым. "Френдлента" сөзін көрісімен-ақ "жеткен екенбіз!" деп ойладым. Осында да "мыңдықтарын" жинаған, кеуде қағып "мен-менсіген" талайлар шығатынына күмән жоқ.

Дегенменен, бастамасы әдемі. Дизайны мен түрі жақсы "увижннің". Ал онда кімдердің мекендейтінін уақыт көрсетеді.

0
5
604