Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауру қалса да, орысша қалмайды…

Тіл тазалығы қашан да өзекті тақырып. Әсіресе, күнделікті тіршілікте тілімізді шұбарландырып, кірме сөздерді көп араластырып, сөйлей берудің әкелер зардабына мән бере бермейміз. Мәселен, өзіміз «чисто» қазақша сөйлеп жүрміз деген күннің өзінде де екі-үш сөйлемнің ішінде «обязательно» орыс тілінің бір өкілін қосып отырып сөйлемесек, әңгімеміз жараспай қалатын тәрізді. «Ну да», «конечно», «уже», «вообще», «что»,»любой», «да», «ну знаешь», «если», «постоянно», «чисто», «слишком», «давай» т. б. одан көп алуан түрлі сөздер әңгімемізді міндетті түрде «әрлеп» жүреді. «Привет» пен «пока» қазақ сөздері тәрізді. Әсіресе, қауіптісі балалардың тілі шыққан кездерінде түстерді қазақша айтқызуға әдет қылмағандықтан, олар көбіне өз әңгімелерінің ішінде түстерді «зеленый», «красный», «черный» деп айта беретін жайттары жиі кездеседі. Бір кездері біздің де «огурцы», «помидор» деп үйреніп алғанымыз тәрізді, өсе келе сол сөздердің олардың санасына әбден сіңіп, күнделікті қолданыстағы сөздерге айналып кетуі әбден мүмкін. «Маған анау «зеленый» карандашымды алып бере салшы, мына «красный» машина қандай әдемі?» Мұндай сөйлемдердің түр-түрін естіп жүрсек те, оған бойымыз үйренгені соншалық, көпшілігімізде оны тоқтап түзету әдеті қалыптаса қоймаған тәрізді. Тіл тазалығы, ол тіл болашағы. Сондықтан да өз тіліміздің өзіміз күзетшісі де, тазалықшысы да болуға тырысайық.

 

0
3
1783

Осы тақырып бойынша

Ауру қалса да, орысша қалмайды… - Yvision.kz