Мазмұнға өту

Жаңа

Шүкір Шахайдың суреттері

Бұл біздің жиырма жыл бұрынғы халіміз. Шынайы бейнеміз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары. Тоқсаныншы жылдардың басындағы экономикалық дағдарыс. Тек экономикада ғана емес шығар... Сол жылдардағы дүкен аталуының қаңырап қалғаны, бір уыс ақшаға бір қап ұн табылмайтын жылдар. «Жеңгем тоңазытқышы толмай қалып, ағамды сол костюммен тағы көрген» уақыт. Елдің есінде қалған ереулі жылдар. Одан бері де жиырма жыл өтіпті. Не өзгерді? Сол кезеңнен алыстап кете алдық па?.. Мүмкін...

0
0
1079

Әскерден қашатындар онсыз да аз емес еді

Үкіметтің қаулысымен Қазақстанда әскери міндетін өтеуден босатылатын мамандықтардың тізімі ұлғайтылды. Негізінен көмір, металлургия, тау-кен, мұнай өңдеу, мұнай-химия, химия өндірісі, ғарыш саласы, атом энергиясы, теңіз флоты, азаматтық авиация мен темір жол тасымалы саласында жұмыс істейтіндер әскер міндет өтеуден босатылады.

Жаңа қаулы бойынша теңіз флоты, азаматтық авиация, темір жол тасымалы салалары бойынша бұрынғы 10 мамандық енді 34-ке жетті.

Байжан ДУБАЙ

0
0
937

Телеөнімдердің теріс әсері

Әр елдің болашағын халқының бүгінгі әл-ауқатымен, яғни әлеуметтік  жағдайымен тығыз байланыстыра отырып болжауға болатын шығар.  Қалай десек те, бүгінгі таңда мемлекеттің өркендеп алға шығуы, халқының өсіп-өнуі де азаматтарының экономикалық сауаты, қоғамдық-саяси белсенділігінің деңгейімен көрініс таппақ. Оның үстіне постмодернизм тұсында  адамдардың ақыл-ой еркіндігіне, сөз бостандығына кең өріс ашылатындықтан, ғылымның алдыңғы қатарға шығуы, «сапалы адам» идеясының өзектілігінің арта түсуі заңды құбылыс болса керек. Осы орайда, қанша жерден айтыла-айтыла жауыр болуға айналды десек те, М.Әуезовтің  «Ел боламын  десең,бесігіңді  түзе!» дегенін еріксіз қайталауға тура келеді.  Бүгінде  ол  нақылды  нақышына  қарай «...экраныңды түзе» д…

0
2
1923

Менің елім, менің елім...

Может быть уже повтор и многие уже видели этот ролик (тв не смотрю), но я не смог удержаться. Аж до мурашек проняло. Если можете воздержаться и не хаить, то очень прошу.

Спасибо Ерлану Тажибаеву за ссылку.

Қуан, қазақ! Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Жаңа жыл деген мереке бар. Оны бәріңіз білесіз.  Осы бір   мереке желтоқсан тақала бере қала мен далада  "шыт көйлегін киініп" шыршаланып шыға келеді. Қазақ билігі де жаңа жыл дейтін мерекенің тарихына үңілуді бір сәтке ойлаған емес. Ойлағаны былай тұрсын, қаперіне де кіріп шықпайды. Керісінше, тойдан құр қалардай әкім-қаралар білек сыбанып кірісіп кетеді. Ал, Алаш жұрты үшін екі дүниеде теңдесі жоқ, атаның қаны, ананың көз-жасымен келген Тәуелсіздік күні шыршаның шалғайында қалып келеді. Билігі былқ етпесе де, қазақ үшін қасиетті ай саналатын желтоқсандағы аса мәртебелі ұлттық мерекеміздің алдын  жаңа жылдың орап кете беретініне қазақ қоғамының іштей қарсылығы күшейіп келеді. Қоғамның талабы - басты талап. Міне, биыл да үлкенді-кішілі ұлықтар шыршалардың шамын жа…

1
0
1946

Мінеки, қазақтың батырлары!

Қытайдың Гуаньчжоу қаласында өткен 16-шы жазғы Азия ойындарының нәтижесі бойынша қазақ спортсмендері 7 алтын, 14 күміс, 26 қола медальге ие болды! Нобайы, қазақ атлеттері еліміздің қоржынына 47 жүлде түсіріп, командалық есепте жетінші орынды иеленіп отыр! Еліміздің спорт жанкүйерлерін ұлттық құраманың табыстарымен шын жүректен құттықтаймыз! 16-шы жазғы Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерінің тізімі № Аты-жөні Спорт түрі Салмақтық категориясы / дисциплинасы Облысы Алған орны 1 Дришлюк Юлия Беляева Галина Байбуосынова Зәуреш Оқпен ату 25 м пистолет Кереку ОҚО ОҚО 1 орын 2 Манеза Майя Ауыр атлетика 63 кг Алматы 1 орын 3 Ильин Илья Ауыр Атлетика 94 кг Қызылорда 1 орын 4 Подобедова Светлана Ауыр атлетика 75 кг Алматы 1 орын 5 Терешкова Ольга Жеңіл атлетика 400 м ОҚО 1 орын 6 Тінәлиев…

0
2
1664

Экологиялық қасіреттен қайтсек құтыламыз?

Екібастұз өндірістердің ошағы болып табылғандықтан экологиялық жағдайы күн өткен сайын нашарлап барады. “Айта айта Алтайды, Жамал апам қартайды” демекші, МАЭС-1, МАЭС-2 станцияларына, “Жылуорталығына”, кеніштерге түтін тұтқыш қондырғы орнатамыз деп жүргенде, лас ауамен өсіп-жетілген алдыңғы буын да орта жасқа жетті. Өндіріс басшыларына түтін тұтқыш орнатқаннан гөрі ауаны ластағаны үшін айыппұл төлеу анағұрлым жеңіл тиетінін бүгінде еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін біледі. Еліміз өркендеп, қоғамға заманауи технологиялар енгізілсе де, Екібастұздың экологиялық жағдайы сол баяғы күйінде. “Жылу орталығының” мұржасынан будақтаған түтін аздай, қала сыртындағы кен үйінділерінің өртенуі де ауаны ластап болды. Ілгеріде бықсып жанып жатқан кен үйінділеріндегі өртті өшірумен арнайы орындар ай…

0
0
3570

OSCE Summit in Astana: Елім үшін ризамын!

Осы жылдың (2010) желтоқсан айының 1-2 жұлдызында еліміздің бас ордасы Астана қаласында ЕҚЫҰ мемлекет басшыларының Саммиті өтеді. Саммит барысында жаһандық  деңгейдегі қауіпсіздік қатерлеріне төтеп беру жодары ізделініп, қарастырылады. Ал мұндай іс тек ынтымақтастық пен бірлік арқылы ғана жүзеге аса алады. Мұндай әлемдік көлемдегі жиылыс елімізде алғаш рет болайын деп отыр. Елордамыздың халықаралық әуежайы бір күнде 70 шақты ұшақты қарсы алады. Қаламыз әлемнің түкпір-түкпірінен шетелден келген қонақтарды қарсы алуға бар күшін салып, құшағын жайып дайын отыр. Бұл маңызы зор оқиғаны сәтті өткерсек, мемлекетіміздің имиджі жағымды жағынан  көрінетініне, Қазақстан деген елдің қандай мықты да, қонақжай, бәсекеге қабілетті, дамып келе жатқан мемлекет екеніне басқа елдердің көзі же…

0
0
661

Сақтансаң – атпайды!

Қазір Астанада мына тектес хабарландыруларды жиі көресіз. Әрине, 11 жылдан кейін өткізілгелі отырған, 57 елдің басшылары қатысатын үлкен жиынның сақтық шаралары да айрықша болары сөзсіз. Бұл жалпы бүкіл әлемде қалыптасқан үрдіс. Әлем елдерінің көптеген басшыларын атып тастауға дайын жүрген лаңкестер қаншама. Әрине, мұны адам құқығын шектеу деп айғайлап жүргендер де бар. Мәселе біздің құқық қорғаушыларға тіреліп тұрмағанын түсінген жөн. Мысалы, АҚШ немесе өзге де Еуропа елдерінің басшыларымен 100 адам еріп келетін болса, солардың жартысынан көбі қауіпсіздік қызметінің өкілдері. Сіз балконда тұрып саусағыңызды шошайтсаңыз болды олар ештемеге қарамастан атады де тастайды. Сондықтан, отпен ойнамағыныңыз жөн. Өзіңіздің, балаларыңыздың қауіпсіздігін ескеріп, мынадай хабарландыруларға жете назар…

0
0
405

Сүйінші, Алаш баласы!

Сүйінші, Алаш баласы! Тағы да бір мәрте «өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілген»күн болды. Ресейдің Орынбор қаласында 1917 жылы 1 және 2-жалпықазақ сьезі өткен және аяулы Ахаң, Ахмет Байтұрсынов тұрған және қазақ баспасөзінің қарлығашы «Қазақ» газетін шығарған тарихи ғимараттарға саланатты жағдайда ескерткіш тақталар қойылды. Тақталардың ашылуына Қазақстан пен Ресейдің түрлі деңгейдегі атқамінер ұлық мырзалары қатысқан. Орынборға жолыңыз түсіп, бара қалсаңыз Чичерин көшесіндегі 75-үйге бір соқпай кетпеңіз. Бұл үйде ұлтымыздың рухани атасы, Алаштың аяулы перзенті Ахмет Байтұрсынұлы отбасымен тұрып, «Қазақ» газетін Жақаң, Міржақып Дулатұлы екеуі шығарып, қазақ даласына таратып тұрған Ал, дәл сол қаладағы Пушкин көшесіндегі 39 - ншы үйде екі рет жалпықазақ сьезі өтіп, қазірде Алаш баласының сағ…

0
0
997