Мазмұнға өту

Жаңа

Бірінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептері және оның сипаты

БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ШЫҒУ СЕБЕПІЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. ХХ ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиелеңісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүиие жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 1912 жылы мысалы, Германияда 17,6 миллион тонна шойын қорытылса, Англияда 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық қуатыныц шапшаң өсуін пайдаланған…

0
1
113464

Жеті жылдық соғыс

Жеті жылдық соғыс (1756–1763) — сол кездегі барлық маңызды еуропалық мемлекеттер қатысқан, 900 000-нан 1 400 000-ға дейін адам шығынына алып келген соғыс.[1] Соғыс 1756 жылдан 1763 жылға дейін еуропалық және отарлық соғыс театрларында өрбіді. 1754 – 1763 жылдар арасында орын алған Помераниялық соғыс пен Француз және үнді соғысы соның бөлігі болып саналады. Пруссия, Һановер курфюрсттығы және Ұлыбритания патшалығы (Солтүстік Америкадағы отарлары, британиялық Шығыс Үнді компаниясы және Ирландия патшалығымен бірге) одақ құрып, Аустрия, Франция (Солтүстік Америкалық Жаңа Франция отары және франциялық Шығыс Үнді компаниясымен бірге), Ресей империясы, Швеция және Саксония курфюрсттығына қарсы соғысты. Кейінірек текетіреске Португалия (Ұлыбританияның жағында) және Испания (Францияның жағында) да…

0
1
2506

Саммит: саяси емес сықақ

Премьера!

ӨКІНІШ..

(бір актілі трагикомедия)

ЕҚЫҰ Саммитіне Обама келмей қалды...

ӘКЕМТЕАТРДЫҢ кіші залында. Басталуы түнгі сағат 3.00-де. Кіру тегін. Режиссері: Ата Баев. Басты рольде: Ата Баев

0
0
268

Кәрістерге нақтылық

Желтоқсанның 2-сінде ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінде Кореяның Сыртқы істер министрі Сунг-хван Ким осылай мәлім етті. Корея Үкіметі 23 қарашада Солтүстік Корея тарапынан болған әскери соққыға қатысты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының нақты ұстанымын білдіруді сұрайды. Желтоқсанның 2-сінде елордада жалғасып жатқан ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінде Кореяның Сыртқы істер министрі Сунг-хван Ким осылай мәлім етті. Ағымдағы жылы 23 қараша күні Солтүстік Кореяның әскери күші Оңтүстік Кореяға оқ атқан. Осының салдарынан 4 адам мерт болды. Олардың екеуі - қарапайым халық өкілдері. Бұдан басқа жараланған азаматтар бар. «Бұл аса қатігез әрі заңсыз акт БҰҰ-ның Жарлығына, сондай-ақ екі ел арасындағы өзара келісімге қайшы. Әлемдік қоғамдастық бұл жағдайға атүсті қарамай, Солтүстік Кореяны жауапкерш…

0
0
619

Латын әліпбиіне көшу қажет пе?

Адам баласы осыдан бес мың жыл бұрын жазу үлгісін тауып, ойы мен пікірін хатқа түсіре бастаған. Жазу құралдары мен материалдары ұқсас болмаса да, олардың озық арманы бүгінгі күнге келгенде құнды мұра ретінде мұражайларда сақталуда. Ал қазақ ұлты да ұзақ тарихи көшінде сан алуан жазуды қолданып келгені аян. Соңғы екі ғасырдың өзінде неше түрлі жазу үлгісіне ауыстық. Бүгінде "Латын әліпбиіне көшу керек пе?" деген уақыт талабы тудырған сауал алдымыздан көлденеңдеп шықты. Осыған орай, көпшілік арасында түрлі пікір орын алуда. Бірі - қазіргі кириллицада қалу. Енді бірі - латын әліпбиіне көшу. Екі пікірдегі адамдардың да өзіндік дәлелі, негізі, уәжі бар. Десе де, мен өз басым латын әліпбиіне көшуді жақтайтындардың бірімін. Барлап қарасақ, қазіргі таңда қолданыста жүрген жазу үлгілері аз емес. Д…

1
1
8931

Біз және бәрі де біз туралы

.... Сан Фермин, 6 шілде 2009 жылы. Китай Жан саны халықаралық саясатта, экономикалық қарым-қатынаста қашаннан маңызды рөлге ие болып келеді. Адам ресурсы қай мемлекетте болса да ең  басты құндылық есебінде. Тіпті, орта дәулеттісінен тақыр кедейі басым елдердің өзінде халықтың көптігі айналасына, аймаққа, сауда-саттыққа ықпал етуші факторға айналып келеді. Мысалыға, Үндістан.  Рас, бізбен салыстырғанда бұқарасының тұрмысы тым нашар. Аш, жалаңаш жұрт тас көшелерде тапқанын жеп отыра береді. Үндістанның шалғайдағы провинциялары мен хуторларын Алматыдағы "Шаңырақ" ықшам ауданының кедейлерімен ғана салыстырауға болатын шығар. Тіпті олардан да төмен жағдайда өмір сүреді десек қателеспейміз. Бірақ, сол Үндістан қазір сыртқа жұмысшы күшін ғана емес, дайын тауарлар экспорттайтын елге ай…

0
0
975

Өмірден өтті бір ақын

Абай хакім: «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы» деп көкірегін қарс айырғанда, қандай күйде болғанын кім білген?! Адамның өмірге келуі қандай табиғи болады екен, өмірден өтуі де сондай заңды десек те, кісі жүрегі қимайтын асыл текті азаматтар жетерлік. Қазақ руханияты тағы бір марғасқа ұлынан айырылды. Дегдар жан, қарымды қаламгер, ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Дүйсенбек Қанатбаев 70-ке толған шағында дүниеден озды. Жетпіс жылдық зерделі өмірінде талай белестерді басып, талай асулардан асқан еді. Қазақтың теле-радиоларында редакторлық қызмет атқарып, бірнеше республикалық баспаның жұмысын қыздырып, өнегелі істерімен ортасының алқауына бөленген абзал жан туралы айтылар естеліктердің көп екендігін 30 қараша күні Жазушылар одағында өткен ақынмен қоштасу…

0
0
1058

Арғы беттегі ағайындардың сайттары

«Abai.kz» ақпараттық порталы жер бетіндегі қазақтың бәрін екі дүниеде бөлшектенбес біртұтас деп біледі. Соның бір айғағындай Отанынан оқшау жатқан қандастың да қам-қарекетінен хабардар етіп тұрмақ ниетте. Бүгінгі замананың көшіне ілесе отырып, тұтастығы мен ұлттығын сақтап отырған жат жерде жүрген бауырдың қандай мәселе қозғап, не толғантып отырғанына да оқырман куә болсын деген оймен Қытайда тұратын қазақтардың интернет сайттарына шолуды ұсынып отырмыз. Бұдан кейін шетелде шашырап жүрген қаны бір туыстардың веб-сайттарына шолуды тұрақты түрде беру мақсатымыздың бір саласы. Абайшыл, Алашшыл болайық, ағайын! «Абай-ақпарат» Әлқисса, жер бетіндегі 15 миллион қазақтың оннан бір бөлігін ұстап жатқан Қытай қазақтары туралы айтар сөз басқаша болса керек-ті. Арысы жоңғарды жайпаған қазақ сарбазда…

1
0
2454

Ел боламын десең есіміңді түзе!

Қазақстанның Статистика жөніндегі агенттігінің деректеріне сүйенсек, қаңтар мен тамыз айының аралығында елімізде 92,1 мың жаңа жанұя құрылып, 244292 нәресте дүниеге келіпті. Осы кезеңде дүниеге келген сәбилердің арасындағы ең көп тараған есімдер - Ерасыл мен Аружан екен! Жалпы алғанда, Статистика агенттігі Қазақстандағы ең көп тараған есімдер туралы ақпаратты тұңғыш рет таратып отыр. Осы деректерге сенсек, еліміздегі ұл балалардың арасындағы ең көп таралған есімдер - Ерасыл, Диас және Нұрасыл болса, қыздардың рейтингісінде - Аружан, Кәусар және Аяулым деген есімдер оза шауып келеді. Осыған дейін Нұрсұлтан, Дінмұхамед деген есімдер кең тарап еді. Соған қарағанда қоғамда көзге көрінбес өзгерістер болып жатқандай... Жалпы қазақ халқы нәресетенің есімін ырымдап қоятыны белгілі. Мына есімдерге…

0
0
488

Түйелер қалада тентіреп жүр

Қызылорда қаласының тұрғыны Елібай Жікібаев деген азамат қалада қаңғыбас түйелердің қаптап кеткенін дәлелдейтін суретті «закон.кз» сайтына жариялапты. Автордың айтуынша, қаңғыбас түйелер қаңғыбас қалалықтарды «майлы да жайлы» мекендерінен қуып шығып, қоқыс төгетін контейнердің аумағын мекен етіп алған. Түйелерге ешкім жақындай алмайды. Тұрғындар дорбаға салып алған қоқыстарын әудем жерден лақтырып, баскетбол «ойнап» қайтады. Ақырзаман болғанда түйенің құйырығы жерге, ешкінің құйрығы көкке жетеді деуші еді. «Маң-маң басқан, шудаларын шаң басқан» өркешті жануарлар далада кімге өкпеледі екен? Әлде, сорасы көкке ұшқан сорлы Аралдың маңында жан-жануарға шынымен де тіршілік ету қиындап бара ма? Мүмкін, тападай тал түсте тас төбеден құлап жататын протондар сусыған құмның арасында түйе жейтін жан…

0
2
928