Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сақтансаң – атпайды!

Қазір Астанада мына тектес хабарландыруларды жиі көресіз. Әрине, 11 жылдан кейін өткізілгелі отырған, 57 елдің басшылары қатысатын үлкен жиынның сақтық шаралары да айрықша болары сөзсіз. Бұл жалпы бүкіл әлемде қалыптасқан үрдіс. Әлем елдерінің көптеген басшыларын атып тастауға дайын жүрген лаңкестер қаншама. Әрине, мұны адам құқығын шектеу деп айғайлап жүргендер де бар.

Мәселе біздің құқық қорғаушыларға тіреліп тұрмағанын түсінген жөн. Мысалы, АҚШ немесе өзге де Еуропа елдерінің басшыларымен 100 адам еріп келетін болса, солардың жартысынан көбі қауіпсіздік қызметінің өкілдері. Сіз балконда тұрып саусағыңызды шошайтсаңыз болды олар ештемеге қарамастан атады де тастайды. Сондықтан, отпен ойнамағыныңыз жөн. Өзіңіздің, балаларыңыздың қауіпсіздігін ескеріп, мынадай хабарландыруларға жете назар аударғаныңыз дұрыс.

Абай болайық, ағайын!

0
0
363

Осы тақырып бойынша

Сақтансаң – атпайды! - Yvision.kz