Абай мен Әлиханның таныстығы...
Абайға қатысты қазіргі таңда сөз айтқанда ең алдымен ойымызға М.Дулатовтың «Қазақ» газетінің бас мақаласы ретінде басылған «Абай» деген мақаласындағы «Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ рухына сонша жақындармыз»,- деген аталы сөзі оралады. Шындығында да уақыт көші қанша алыстағанымен де, Ұлы ақын мұрасына, рухына соншалықты жақындай береріміз анық. Уақыт кеңістігіндегі ғасырлар деңгейі мөлшерімен қарасақ Абай жинағының жарық көргеніне бір ғасыр болды. Ендеше тұңғыш жинақ оқырман қауым назарына ұсынылғаннан бері ұлы ақын мұрасын, оның дара болмысын, азаматтық келбетін, мол әдеби мұрасын тану, таныту дәрежеміз қандайлық деңгейде, не істелінді, алдағы уақыттардағы міндетіміз қандай деген сұрақтарға жауап іздеуіміз бүгінгі күн талабы деп есептейміз. «Қазақтың бас ақыны - Абай. Онан асқан б…






