Мазмұнға өту

Жаңа

Блогтағы жаңалықтар

Блогта жаңа жаңалықтар орналастырдым, атап айтқанда жаңа виджет құралдары.  Үздік блогтар – Wordpress.Com санағы және Үздік жазбалар – Wordpress.Com санағы.

Бұл екі санақ блогтың оң жағында Твиттер жазбалардын астынғы жағында орналасқан. Аты айтып тұрғанындай Wordpress.Com блогтар жүйесінің қазақша бөлігіндегі блогтар мен жазбалардың күнделікті санағын көрсетіп отырады.

Қазақша айтар болсақ  - Блогтардың жазбалардың күнделікті рейтингі. ..

0
0
313

Twitter соғыс

http://twitter.com/#!/Yerlan_Q/status/32744175715745792

За последние сутки более 800 египтян оставили записи в на Twitter – и это притом, что страна, по указанию властей, отрезана от Интернета.

800 ден аса мысырлықтар  Twitter де жазба қалдырыпты. Елдегі жағдайға байланысты Интернет істемей тұрса да.  Болашақтағы ақпараттық соғыс қандай болар екен. Мысалы келе жатқан сайлау?

0
0
371

Қазақстан спортшылары әлі де алда

Қазақстандық спортшылар коньки, шорт-трек сынды спорт түрлерінен жарытып жүлде алмағанымен, шаңғыға қатысы бар ойындардан көптеп медаль олжалауда. Түске дейін ұлттық құрама қоржыны тағы да үш алтынмен толықты. Шаңғымен бағдарлау спортындағы бар алтын біздікі  деп басшылық бекер айтпапты. Михаил Сорокин мен Ольга Новикова 7-і Қысқы Азия ойындарының екі дүркін чемпиондары атанды. Бүгін олар орташа қашықтықта топ жарған еді. Шаңғымен спорттық бағдарлау, әйелдер І. Ольга Новикова (Қазақстан) ІІ. Евгения Кузьмина (Қазақстан) ІІІ. Лю Сиатинг (Қытай) Шаңғымен спорттық бағдарлау, ерлер І. Михаил Сорокин (Қазақстан) ІІ.Виталий Лиличенко (Қазақстан) ІІІ. Беейжан Кангорлы (Иран) Биатлоннан Андрей Червякин  қос алтынның иегері!  Ол 12,5 шақырымға із кесу арқылы сайысқан спортшылар ішін…

0
0
1018

Құранның бір әрібі....

Ибн Масғуд (р.а.): «Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): “Құранның бір әрібін оқығанға он сауапқа тең келер бір жақсылық жазылады. Әлиф, ләм, мим’ді бір әріп деп айтпаймын. Әлиф бір әріп, ләм бір әріп, сондай-ақ мим’де өз алдына бір әріп” – деп айтты» – деген.

(Риязус-салихин кітабынан)

0
0
724

Қазақша КВН өркендеуде!

Қазақша КВН аяқ басып, шарықтап келе жатқанына әжептәуір уақыт болып қалды. Жылдан-жылға өркендеп, қоғамда биік орынға ие болып келе жатыр. Қазіргі таңда Павлодар облысы бойынша жалпы сексеннен астам командалар бар. Әр команда бір-бірлерінен өзіндік ерекшеліктерімен бөлінеді. Біздің облысымызда Қазақша КВН-ның өткізілу әдістері де жандана түсуде десек те болады. Оған дәлел осыдан екі жыл бұрын тамыз айында екінші мәрте «Жасыбай толқынында» фестиваль өткізілген болатын. Аталмыш фестиваль республикалық деңгейде өткізілді. «Жасыбай толқыны 2009» фестивалінде Қазақстанның бес облысынан командалар бас қосты. Бас жүлдені Тараз қаласынан келген «Тараз 2000» командасы ұтып алды. Сонымен қатар ойында тағы да астаналықтар мен Батыс Қазақстаннан ақтөбеліктер бақтарын сынаған болатын. Ал біздің павло…

0
0
876

Мені мазалаған сұрақ

Ала берсем, қалтама сала берсем парасатты ұрпақ емес, пәрменсіз парақорларды тәрбиелеудеміз. Арнасынан асып ағатын тасқын суды бөгеген сайын басқа арна тауып ағатыны секілді, бүгінде жемқорлықты да ауыздықтаған сайын ірілі-ұсақты арнасы көбейіп, сай-саланы жалмап барады. Ресми деректерге сүйенсек, елімізде жемқорлық етек алған мемлекеттік органдардың алғашқы ондығының көш басында білім саласы тұр. Осыған қарап «білімді ұрпақтың орнына – дәрменсіз, білікті маманның орнына – пәрменсіз парақор азаматтар мен азаматшаларды даярлап жатқан жоқпыз ба?» деген ойға қаласың. Біздің қоғамда «барлық мәселені ақшамен шешуге болады» деген қағиданы ұстанатын адамдар жетерлік. Өкінішке қарай, мұны өздерінің өмірлік ұстанымы етіп алған студенттер көбейіп бара жатқан сияқты. Бұлай айтпасқа амал жоқ. Себебі…

0
0
1133

Қазақ тілді сайттарымыз аз

Университетте оқытушылар тапсырма берсе, студенттердің жартысынан көп бөлігі интернетке жүгіретіні анық. Бұл студенттің кітап бетін ашуға ерінгендігі емес, ол техниканың заманауилығынан. Интернетте қазақша ақпарат бар ма, жоқ па деп ойланбастан жүгіреміз. Бірақ, іздегенімізді әрқашан таба алмаймыз. Мемлекеттік тілде шығарылатын басылымдар саны мен қазақ тіліндегі сайттар қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі деп айтсақ та болады. Бүгінде студентке мемлекеттік тілімізде ақпарат іздеп табу қиын болып тұр. Әсіресе жатақханада тұратын студенттерге ауырға соғады. Қалада тұратын студенттер өз үйлерінде немесе туыстарында күні-түні компьютер алдында отырса да, тауып алу мүмкіндігі көбірек. Ал жатақхана студенттері деректерді немесе керекті ақпараттарды тауып алғанша қаншама ақшаларын интерне…

0
0
484

Азия рекордын Жинг жаңартты, ал Айдова 6-ы.

Конькиші қыз-жігіттер бүгін 500 метрлік сынды артқа тастады. Бұл жарысқа Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері көптеп қатысқан болатын. Қыздар арасында қытайлықтардың шоқтығы биік, ал  ерлерден жапондықтар жүйрік шықты. Қазақстандықтар арасындағы ең үздік нәтиже Екатерина Айдова көреткен 6-ы орын. Бұл Айдованың  аталмыш қашықтықтағы жеке рекорды. Екатерина Айдова, конькиші: Бүгін мен өз жанкүйерлерімнің көмегімен жеке көрсеткішімді жақсарта түстім. Екінші айналымда 500 метр қашықтықтағы Олимпиада чемпионы Ли Сан Хвамен жарысуға тура келді. Алайда, ол да адам ғой, сондықтан   қорқыныш немесе қобалжу болған жоқ. 1000 метрге жүгіруде қандай да бір медальға іліксем деп отырмын, себебі, осы қашықтықтағы нәтижем жаман емес. Ли Сан Хва, Олимпиада чемпионы, Азия ойындарының қ…

0
0
543