Өмірден озды бір бұлбұл
1967 жылы КСРО халық әртісі атанған Роза Бағланова дүние салды. Роза Тәжібайқызы Бағланова 1922 жылдың 1-қаңтарында Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған. 1939-1941 жж. Қызылорда педагогика иниститутында оқыды. 1941-1949 жж. Ташкент филармониясындағы мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде жеке дауыста әнші болды. Сол ансамбльмен екінші дүниежүзілік соғыстың қан майданында өнер көрсетіп, 1945 жылдың 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан. 1947-1949 жж. Қазақ Опера және балет театрының, 1949 жылдан қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әнші-солисі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосты, ерекше сазды мектептің қалыптасуына ықпал жасады. Роза Бағланова эстрада артистерінің Бүкілодақтық II конкурсының дипломанты…