Қазақстан құрамасы бенди турнирінің жеңімпазы
Допты хоккей бойынша Қазақстан құрамасы 7-қысқы Азия ойындарындағы турнирде толық жеңімпаз атанды. Ойын аяғына қарай жарыстар иесі Моңғолия құрамасын 16:2 есебімен ұтты. Қазақстандық хоккейшілердің қарсыластарынан әлдеқайда алда келе жатқаны бірінші таймның қорытындысында-ақ белгілі болған еді, өйткені бұл уақытқа дейін олар 7 доп соғып үлгерді. Хет-трикті өз есебіне жазған Рауан Исалиев болса, сондай-ақ соққы берген Николай Шавалдин, Владислав Новожилов пен Петр Грибановтар болды. Екінші таймда моңғолдық хоккейшілер екі доппен қарымтасын қайтара алды. Екі ретте де көзге түскен моңғолиялық спортшы Ган-Очир Цевеен (Gan-Ochir Tseveen). Алайда, бұған қарамастан, моңғолиялықтар біздің спортшылардың тағы тоғыз доп салуына жол берді. Қарсыластың қақпашысын қапаландырған Владислав Новожилов, Рауан Исалиев, Искандер Нугманов, Виталий Суетнов пен Петр Грибанов болды.

