Мазмұнға өту
torpedaip

Мамытов Сержан

@torpedaip

Сайтта 2011 ж. 5 ақпан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

4

пікір

1

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Эль классикның қызығы....

Ағымдағы айдың 11-ші жұлдызына ауған түні футболдан Испания примерасының ең үздік клубтары Барселона және Реал Мадрид клубтары арасында мәртебесіне қарай "Эль Классико" деп аталып кеткен келесі доп додасы ойналды. Бұл примераның 15 тур ойыны болатын. Осы турға дейін Барса (Барселона) "Корольдік клубтан" (Реал Мадрид) үш ұпай қалып келетін. Барса ұстазы Гвардиола осы ойынға сеніп отырған болар, өзі қалаған үш ұпайды еншілеп кетті. Ойынның 1 минутында ақ Бензема есеп ашты. Бірақ, барса үкілеген ойыншылар еш қобалжусыз ойынды теңестіріп, тіпті есепті 1:3 нәтижесіне дейін жеткізді. Санчес, Хави және Фабрегас көзге түсті. Ең қызықты жайт, осы ойын ағымдағы жылғы әлемнің үздік ойыншысы номинациясына іліккен үш ойыншы (Роналду, Месси және Хави) арасында осы номинацияға кімнің лайықты екенін шешу…

0
0
382

УЕФА ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ додасының қызығы енді басталды.......

15-16 қаңтар күні Уефа Чемпиондар Лигасының 1/8 финал ойындары басталды. Әлемдік деңгейдегі клубтар арасындағы дүбірлі доп додасы енді қызықты кезеңдерге жетті деуге болады. ел чемпиондары өздерінің қадамын аңдап басып келеді. Италия үкілеген Милан клубы Сан-Сиро алаңында күтпеген жерден ағылшындардың Тоттенхем клубына есе жіберіп қойды. Ойындағы жалғыз допты Питер Крауч соқты. Екінші ойында Валенсия атақты ардагер Рауль Гонсалес (бұрынғы "Реал Мадрид" ойыншысы) доп сүріп жүрген Шальке-04 клубынан асып түсе алмады. Осы алдыңғы екі күндіктің ең орталық ойыны деп отырған Арсенал-Барселона ойыны күтілгендей қызық сәттерге толы болды. Соңы Арсен Венгердің шәкірттері өз алаңында көрермендеріне жеңіс сыйлады, сенсациялық жағдай туғызған Рома-Шахтер ойыны футбол жанкүйерлерін таң қалдырды. Соңғы…

0
1
1449

Мирослав ағай дебютте өзін көрсете білді............

9 ақпан күні футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Түркияның Анталия қаласында Белоруссия құрамасымен жолдастық кездесуін өткізіді. Белорустармен алдыңғы ойындардың сараптамасына қарай еліміз ойыншылары кіші есеп айырмасымен жеңіледі деген ой туындаған, бірақ, жаңадан келген Мирослав Беранек алып шыққан футболшыларымыз тегеурінді қарсылық көрсете алды! Ал, енді ойын оқиғаларына тоқтала келсек, 45 минутта Александр Глеб пенальтиден есеп ашты, ойынның соңына қарай 90 минутта Сергей Остапенко есепті теңестірді!

Жарайсың Миро Ағай!

Қазақстан жанкүйерлері асыға күткен осы доп додасын еліміздің телерадио қызметкерлері көрсете алмады! Өкінішті-ақ!

0
0
525

Міне менің ҚАЗАҒЫМ!

Қазақстан құрамасы ерлік танытты, солай емес пе

Алтын алқалар бәсі

Қысқы Азия ойындарында 1986 жылы Жапония елі 29 алтын алқаны иеленіп, осы құрлықтың белсенді құрамасына айналған еді, ал уақыт өте Қазақстан құрамасы бүгінгі (6 ақпан, 7 Азия ойындарындағы соңғы күннің бірінші жартысы) күні 30 алтынды иеленіп отыр, әлі жарыс күні аяқталмады! Сондықтан қоржынымызды қымтамай тұрамыз..........

0
1
973