8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні!
Құрметті аналар! Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі – Халықаралық әйелдер күні 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! 8 наурыз – өмірде болып жатқан тарихи, саяси, әлеуметтік өзгерістерге ұшырамаған ерекше мереке. Көктемнің алғашқы мерекесі ананың аялы алақанындай жүректерге жылулық ұялатады. Адамзаттың нәзік жандарына арналған мереке табиғаттың оянуымен бірге келіп отыр. Ана – тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ананы ардақтамайтын халық жоқ. Нәресте өмірінің нәрі –ана сүті. Халықтың рухы, жаны, тарихы, арман үміті болып табылатын тілдің де басқаша емес «ана тіл» деп аталуы тегін емес. Бұл – ұлттың тілі, ғұрып – салты, дәстүрі, тарихы, әдебиеті мен мәдениеті жас ұрпақ бойына ана сүтімен дариды деген сөз. Аяулы аналар, апайлар! Сіздерді 8 Наурыз…