Мазмұнға өту
Sosedi

Телепроект Соседи

@Sosedi

Сайтта 2010 ж. 11 қарашаКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

56

пікірлер

111

тіркелуші

11

жазылымдар

3

Көршілер 18.04.2011.

Бір ғана 2009 жылы интернет сайттарда жарияланған мәліметтің көлемі әлемдегі ең үздік 10 телеарнаның 60 жылда таратқан ақпаратынан асып кетеді екен. Осынша алып ақпарат көзінің қазақ жеріне келгеніне 20 жыл болды. Бірақ бүгінгі интернеттегі сауаттылық деңгейі Африкадағы артта қалған елдермен шамалас дейді осы саланың мамандары. Яғни қазақтың бар-жоғы 5 пайызы ғана ІТ сауатты. Бұл жолғы Көршілер осы мәселені көлденең қоймақ. Бұл ретте бас қосуға депутаттар, ғалымдар, заңгерлер және осы саланың жілігін шағып, майын ішкен мамандар келді. Өкініштісі сол қазақ интернетінің де бүгінгі бәсекеге қабілетсіз екендігі. Көршілерге келген қонақтар оны тиімді дамытудың жолын іздеп көрді. Сондай-ақ, базарда ыстық-суықта тұрып күн көрген көпшілікке осы интернетте отырып-ақ миллиондап қаржы табуға болатын…

0
0
578

Көршілер 11.04.2011.

Сіз неше рет пара беріп көрдіңіз? “Жоқ, берген емеспін” десеңіз, әй қайдам, сізге ешкім сене қоймас! Экономикалық індет бұрындары бизнес қажеттіліктен туындаса, қазір өкінішке орай, біздің қоғамда да заңсыз ақша ұсыну әдетке айнала бастады. Жалпы жемқорлықтың тамыры әлемде тереңге кеткендіктен, оған балта шабу мүмкін болмай отыр. Жемқорлықпен күрестің қандай әдістері бар екен, болса нәтижелері қандай? “Көршілерде” пара берген адам да, басты күрескерлер де қатысып қызықты жағдайларды ортада талқылайды. Дау да жоқ емес. Себебі елдегі кәсіпкерлер жемқорлықпен күресудің қажеті жоқ, оны заңдастыру керек десе, келесі бір топ ату жазасын енгізуді ұсынады. Ең бастысы – осы «Көршілер» ток-шоуының аясында, жалпы Қазақстандағы республикалық арнада тұңғыш рет «Шындық детекторы» (Детектор лжи) шынайы…

0
0
486

Выпуск ток-шоу "Көршілер/Соседи" переносится

Сегодня, 4 апреля, в эфир не выйдет очередной выпуск ток-шоу "Көршілер/Соседи" на казахском языке. Дело в том, что весь вечер на канале "Казахстан" отдан под программы на тему выборов. Выпуск "Көршілер" выйдет в эфир через неделю - как обычно, в понедельник в 22.40.

И еще. На сайте канала "Казахстан" доступен для просмотра выпуск ток-шоу "Соседи" на русском языке, вышедший в эфир 2 апреля. Программу на тему "Современный казахстанский юмор" можно посмотреть здесь.

Спасибо! :)

0
0
563

Көршілер 28.03.

Қалай күліп жүрміз, кімге күліп жүрміз, не үшін күліп жүрміз?! Жалпы күлкімен дағдарыс атаулыға: ақылымыздағы, болмысымыздағы, шығармашылықтағы, тіпті, экономикадағы тоқырауға қарсы тұра аламыз ба? Қазақтың қазіргі сатирасы қай деңгейде? Осы күні сатира –күштілер қаруы дей аламыз ба?

Бұл туралы белгілі сатириктер, ғалымдар, әзіл-сықақ театрларының әртістері және сатира әлеміне енді келген жас буын өкілдері сөз қағыстырып, ақиқатын айтады.

«Көршілер» ток-шоуын  28- наурызда , дүйсенбі күні сағат 22.40-та «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалауға шақырамыз.

0
0
554

Смотреть "Көршілер/Соседи" в интернете

Родители, которые отказываются прививать своих детей, против родителей, которые отказ от прививок считают пещерной дикостью. Кроме того, в разговоре в студии ток-шоу "Көршілер/Соседи" участвуют врачи, медицинские чиновники, ученые. Выпуски программы на тему "Прививки: за и против" доступны в интернете.

Выпуск на казахском языке.

Выпуск на русском языке.

Будет время, посмотрите. :) Спасибо!

0
4
413

"Көршілер" 7.03.2011.

Қазақ телевизиясының алғаш хабар таратқанына  биыл 8 –наурызда 53 жыл толады. Жарты ғасырдан бері не өзгерді? Төріне оздырып, өзі босағасына отырып  тамашалайтын патша көңілді көрерменнің сұранысына сай тұшымды дүние бар ма? Телевизияны жасайтын мамандар қалай таңдалады? Жарты ғасырдан аса тарихы бар қазақ телевизиясының белгілі бір ғылыми жүйеге түспегендігіне кім кінәлі....?! Осы және өзге де сауалдарға бірлесіп жауап іздеп көрелік. Біздің мақсат - қоғамдық пікір тудыру, ой талқысына салу.  Олай болса, 7- наурызда сағат 22.10-да болатын Ұлттық арнадағы «Көршілер» ток-шоуын тамашалауға шақырамыз. Қазақ телевизиясының шымылдығын алғаш ашқан Зұлфия Жұматова апамыздан бастап, жарты ғасыр ішінде көгілдір экранда еңбек еткен ардагерлеріміз бен орта буын және жас буын арасындағы…

0
0
1128