«Жағдай өте күрделі, бірақ ешкім көмексіз қалмайды»
15.04.11.деді Президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин Орал өңірінде кеше сәске түске таман басталған жауын ел орынға отырған шақта қылаулаған қарға ұласып, сонан соң қайтадан жаңбырға айналып, бүгін әлі жауып тұр. Негізі, «Қазгидромет» РМК Батыс Қазақстан облысының аумағында сәуірдің 13-14-і күндері жаңбыр жауатындығын алдын ала ескерткен болатын. Енді солардың айтқаны айдай келіп, онсыз да нөпір судың құрсауында қалған Орал өңірі үшін «жығылғанға жұдырық» болып тұр. Тасқын суға тосқын болу үшін құрылған облыстық комиссияның мәліметіне қарағанда, бүгіндері 1100 тұрғын үй мен 2 мыңға тарта саяжай үйшіктері алапат судың құшағында. Бұған қоса, денсаулық сақтау саласының 5 нысаны, 21 мектеп, 1 балабақша және 14 қосалқы электр стансасы су құрсауында. Ал облыстық ауыл шаруашылық басқармас…
























