Пойызда да парақорлық «гүлдеп» тұр
Пойызда да парақорлық «гүлдеп» тұр `НУР АСТАНА`мен MASA.KZ 26.04.2012 | Айдары: Апта Хадисте: «Параны беретіндер де, оны алатындар да тозаққа барады» делінген. Бірақ содан қорқып, оны ескеріп жатқан кім бар дейсің. Жұмыр басты пендеге жұқпай қоймайтын жиырма бірінші ғасырдың дерті – жемқорлық қоғамды кеулеп, үңгіп бара жатқан қарабас құрт сияқты. Оған қарсы вакцина әлі күнге дейін табылған жоқ. Құрғақ уәдемен қуырдақ қуырған алаяқтар ел қазынасына тап бір өз атасынан мұраға қалғандай сұқтанып, сұғанақ қолын сұғуды тоқтатпай келеді. Жемқорлықтың жүрмейтін жері жоқ! Жуырда осы үзілмейтін үрдістің куәгері болдым. Әңгіме жүк және жолаушылар тасымалдайтын темір жолдан басталды. Оқуымның соңында туған елге табан тіреуге мүмкіндік туып, алып-ұшып вокзалға аттандым. Астана-Сарыағаш пойызы адамға…