Ісмер наурызшешек гүлін қолдан жасайды
Сұлу Сыр өңірінде он саусағынан бал тамған ісмер қыздар көп. Мәселен, Жалағашта кәдімгі капрон шұлықтың өзін кәдеге жаратып, Ұлыстың Ұлы күніне тарту жасап жатқан шеберлер бар. Іске икемді, шаруаға епті аруларды көруге келген жігіттер де құр қайтпаса керекті. Ертеректе үйдің төрінде қыз әшекейі ілініп тұрса, сол шаңырақтың үкілеп өсірген еркесі бойжетті дегенді білдірген. Жар таңдап жүрген жігіттер текті жердің сұлуын торыған. Ауыл бойжеткендері мұндайда «қыз көретін жігітті, біз көрелік» деп сөз жарыстырып, өнер сынасқан. Дәстүр бойынша ұрындап келудің арты екі жастың шаңырақ көтеруіне ұласқан. «Қазір бұл үрдісті жаңғыртып жүргендері бар», – дейді ауылдағылар. Бұл салт «Қыз көру» деп аталады. Балжан Нұрымбетова, № 202 орта мектептің мұғалімі: «Абай жолы» романында қазақ дәстүрлерінің бар…

Результат творческого тандема двух талантливых женщин, композитора