Хижаб: Сән бе, әлде парыз ба?
Бүгінгі таңда қоғамымызда пікірталас пен дау-дамай туғызып жатқан өзекті мәселелердің бірі – хижаб. Қала түгіл, ауылдардың өзінде бет-аузын тұмшалаған қаракөз бойжеткендеріміздің жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткені үйреншікті құбылысқа айналды. Мемлекетіміздің «Дін еркіндігі» саясатына жол беруі, айналып келіп өзімізге таяқ болып тиіп жатқандай ма, қалай? Бірнеше ғасырлық тарихы бар хижаб кию салты негізінен ХVI ғасырларда Үнді елінде пайда болып, ғалымдар мен шенеуніктердің, соның ішінде ер адамдардың киім үлгісі ретінде саналған. Ал, кейбір деректерге сүйенер болсақ хижаб Орта Азия елдерінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болған екен. Демек, парсының «фараджи», өзбектің «параджи», түріктің «фередже» деп жүрген паранджасы мен хижабтың шығу төркіні бір бо…