Мазмұнға өту

Жаңа

Мектептегі жанжал

Шығыста 100-ге жуық оқушы 3 күн бойы мектепке бармай қойды. Бұл Күршім ауданындағы Құйған ауылының ата-аналары ұйымдастырған наразылық акциясы. Білім саласындағы жанжал шалғайдағы ауылда өткен жылы басталған. Ауылдағы орта мектеп директорының орынбасары жемкорлық үшін жұмыстан қуылған. Алайда, ол таяуда Сот арқылы өз орнына қайта оралыпты. Ал, ауыл тұрғындары мұғалімнің мектепке қайта келуіне қарсы. Мектепте 130 оқушы бар. Соңғы 3 күнде сабаққа тек 30-ға жуық бала қатысқан. Ұстаздар Сот табалдырығын тоздырып, ата-аналармен араздасып жүргенде, білім беру сапасы да төмендеп кеткен. Жанжалды басу үшін ауылға облыстан арнайы комиссия барды. Кездесу қорытындысы бойынша, ата-аналар наразылық акциясын тоқтатып, балаларды сабаққа жіберетін болған. Ал, мұғалімдер жауапкершілікке тартылды. Мәдениет…

0
0
374

Оқушы өліміне қатысты қылмыстық іс Сот қарауында жатыр

Қызылорда облысының Төменарық елді мекенінде аяусыз соққыдан көз жұмған оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс аудандық Сотта қаралып жатыр. Бұл іске ұлттық арна араласқаннан кейін күдіктілер қамауға алынып, оларға айып тағылған еді. Бірақ... Бір қынжылатынымыз, 2 айда 2 мәрте Сот-медициналық сараптамасы тағайындалса, енді екі анықтаманың арасындағы алшақтық тағы үшінші рет мәйітті тексеруге әкелетін түрі бар. Бауыр еті баласынан бір айырылып қан жылаған ата-ана «бұған рұқсат бермейміз», – деп отыр. 14 жастағы Медет Жасымбай өзінен жоғары оқитын сыныптың оқушыларынан оңбай таяқ жеп, тілге келмей кеткен болатын. Одан бері де 3 айдан асты. Осы уақыт аралағында 2 мәрте Сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, айыптылар анықталды, жеткіншекті қыршыннан қиған екі күдікті құрықталды. Асқар Кема…

0
0
443

Қазақша сөйле!

Чем строже воспитание, тем больше бессовестнее, распущеннее бывают что ли, когда нет рядом дрессировщиков, подумала я? Уборщица в Грине, молодая девушка, я стою суперлото заполняю, а она веником, грязь невероятная, прямо на меня и подметает, и главное не понимает, когда говоришь нельзя на людей подметать. Я даже не помню что она говорила, но что перед ней в матери годящаяся женщина просит одно, но разговаривает как с каким то ребенком, и главное приказывает: қазақша сөйле! Не зря предупреждали, что день будет напряженной, но чтоб настолько и вроде забыла уже о прогнозе, а тут с таким невежеством

0
2
556

Сонымен, солай дейік... Алып анадан туады

Қазақ "Жұмақ ананың табанының астында", "Ана бір қолымен бесік тербетсе, екіншісімен әлемді тербетеді" деп ананы қатты құрметтеген. Алып анадан туады, қоғамымыздың белгілі қайраткерлері және олардың аналары. Қалт жібермеңіз!

0
0
481

Елбасы Халықаралық көрмелер бюросының сарапшылар комиссиясын қабылдады

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрмелер бюросының сарапшылар комиссиясын қабылдады. Делегация құрамына Халықаралық көрмелер бюросы сарапшылар комиссиясының төрағасы Стин Кристенсен, ұйымның президенті Фердинанд Наги, Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес және бірқатар дипломаттар енген. Кездесу барысында тараптар Астанада «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу мүмкіндігін қарастырды. Президент «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу ұлттық жоба ретінде саналатынын айтты. Стин Кристенсен, Халықаралық көрмелер бюросы сарапшылар комиссиясының төрағасы: Біздің делегацияны Қазақстанға келіп қайтуға шақыруларыңыз елдеріңіздің «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу идеясына қаншалықты шындап кіріскенін көрсетеді. Сарапшылар комиссия…

0
0
240

Үйлерінен күйі кеткен шағын қала

Тұрғын үй, коммуналдық сала – мәселелі тақырыптың бірі. Ал, әңгіме шағын шаһар турасында болса мүлдем бөлек. Себебі, кішігім қалалар негізгі орталықтардан жырақта болғасын, мәселесі жылдар бойы шешілмей, қордаланып қалатыны бар. Осы аптаның басында, бір топ Балқаш қаласының тұрғындары редакцимямызға хабарласқан еді. Дәл осы тұрғын үй тақырыбының төңірегінде. Әлімжанов көшесіндегі №7 көппәтерлі үй құлау алдында. Жергілікті билік тұрғындарды көшіріп әуре. «Алайда, қолға не құжат, не рұқсат қағазын бермейді», – деп шағымданады халық. Балқаш қаласы – еліміздегі шағын шаһарлардың бірі. Кішігірім кенттерге тән проблема Балқашты да айналып өтпепті. Мұндағы мәселе коммуналдық салаға тікелей қатысты. Кеңес кезеңінде салынғасын ба, көп үйлер тозып біткен мұнда да. Қалада ұзын саны 572 үй бар. Ал, с…

0
0
351

«Қара киімді әйелмен» түн өткізген Гарри Поттер

Сықырлаған еден, жабылып, ашылмай қалатын есік, тірі пендесі жоқ үйдің екінші қабатындағы терезеден қарап тұрған әйел, айдалада салынған алып үй, музыкалы ойыншықтар… Бір қарағанда «Қара киімді әйелдің» (Женщина в черном / The Woman in Black) ерекше ештеңесі жоқ: көрдің, бір-екі рет бақырдың (бақырмауыңыз да мүмкін, алайда, жүрегіңіз зірк етпей қалмайды), ұмыттың, болды. Бірақ... Фильмның жекелеген сәттерінде емес, өн бойында кездесетін әлдебір түсініксіз аура, төбеден төмен төніп тұратын мистикалық сипат, оператордың «кесірінен» пайда болатын үрей түптеп келгенде есіңізде қалатын ақырғы әсер болады. Он тоғызыншы ғасырдың соңы. Артур Киппс атты жас адвокат шалғай жатқан елді мекенге аттанады. Бастығының бұйырғаны біреу: қайтыс болған әйелдің қағаздарын реттестірмей, анықтамай, қайтпа. Бал…

0
0
814

Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының профессорымен сұхбат

Есім Жүкеұлы Сегізбаев 1937 жылы сәуір айының 17- жұлдызында Көкшетау облысы Рузай ауданы Сарыадыр ауылында туған. Мектептен соң Щучинск қаласындағы алтын-платина тау-кен техникумын бітірді (1958ж). 1958-1961 жылдары-әскер қатарында, аға лейтенант. 1961 жылдан Құрманғазы атындағы өнер институтында оқыды, Лениндік степендият, институттың комсоргі болды. 1965 жылы кино және драма актеры мамандығын алды. Е.Сегізбаев, 1978ж. Театр және суреті өнері институтына шақырылғанша дейін, 1965-1978 жылдар аралығында Ғ.Мүсірепов ат. Қазақ мемлекеттік академиялық Жасөспірімдер мен балалардың драмалық театрында актер болып жемісті шығармашылық қызмет атқарды. Есім Жүкеұлы өзінің кәсіби актерлік талантын көрермендерге сахналық шындықпен таныта білді. Театр сахнасында 50-ден астам рөлдерді ойнады: С.Сейфул…

0
6
3222