Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Республикалық «Ұлан» гвардиясына - 20 жыл

Бүгін  Республикамыздың «Ұлан» гвардиясына – 20 жыл. Қатарына  тек  таңдаулылар ғана алынатын арнайы жасақ  Елбасы қаулысымен құрылған. «Сайдың тасындай» сайып-қырандарымыз әскери өнерде   өзгелерден «оқ бойы озық» келеді.
Салтанатты жиындарда  сап түзейтін сарбаздардың  мүсіні мінсіз, қызметі қалтқысыз. Мемлекеттік деңгейдегі түрлі рәсімдік шараларды атқаратындар да дәл осы Ұланның  іріктеулі сарбаздары. Азаматтық міндетін абыроймен атқарып жүрген қазақ гвардиясы    бүгін төл мерекесін  атап өтті.
Отан алдында борышын өтеуі тиіс әр азамат гвардияшы атануды армандайды. Олар үшін бұл – үлкен мәртебе. Ұлт мақтанышы. Нұрбек Шайхысламов әскери борышын Ұлан гвардиясында өтеп жүр.  Сарбаз үшін бүгін көптен күткен мереке. Әскери қызметкерлердің арасынан көзге ілініп, еңбегі бағаланды.
Нұрбек Шайхысламов, республикалық «Ұлан» гвардиясының сарбазы:
Республикалық «Ұлан» қатарына жақсы қызмет етіп, жауынгерлік қызметте өзімді үздік жағымнан көрсеткеніме маған рефлейтер шені берілді. Бұдан да биік шендерді алып,  әскери қыметте бұдан да биіктерден көрінем деген сенімдемін.
Қолдағы қаруды ұршықша айналдыру, қағылған қазықтай тіп-тік тұру – таңдаулы әскер үшін күнде қайталайтын қарапайым қарекеттің бірі. Ұландықтарды өзгеден ұлық ететін де осы. Гвардия қатарына кез келген қабылданбайды. Тек таңдаулылар ғана алынады.
Төленді Карбозов, Батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтар жөніндегі орынбасары:
Бойлары 1 метр 78 см-ден төмен болмауы керек, білімдері арнайы орта немесе жоғары болуы шарт және денсаулықтарына баса мән аударылады, психологиялық тұрғыдан, дене бітіміне және дене шынықтыру жаңағы дене физикалық дайындықтарына өте көп мән беріледі.
Тәуелсіздікпен түйдей құрдас «Ұлан» гвардиясы Алаш әскерінің айбыны саналады. Елінің еркіндігі мен тәуелсіздігін ерлікпен қорғайтын осындай ел қорғандары барда ел болашағына сеніммен қарауға болады.
2
0
691

Осы тақырып бойынша

Республикалық «Ұлан» гвардиясына - 20 жыл - Yvision.kz