Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мұқағали наурызда туған

Таулар алыстаған сайын биіктей береді. Мұқағалидың дара тұлғасы да уақыт өткен сайын асқақтап барады. Осыдан он жыл бұрын Мұқағалидың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында ұлы ақынның жан серігі болған Лашын апайға жолығып, әңгімелескен едік. Мұқағали мен екеуінің арасында сонау жастық шақта бүр жарған сезім жайлы Лашын апайдың көзі тірісінде айтқан, бұрын-соңды ешқайда жарияланбаған естелігін оқырманға ұсынуды жөн көрдік.

– Лашын апай, Мұқағали ағаны қай кезден, неше жасынан бері білесіз?

– Мұқағали екеуміздің алғаш танысқан кезіміз әлі есімде. Ол кезде Мұқағали 19 жаста. Ол Нарынқол ауданының Шалкөде ауылында селолық кеңестің хатшысы болатын. Мен мектепте мұғаліммін. Сол кезде Жоғарғы кеңеске сайлау болып, ол ауылдық кеңестің хатшысы ретінде үгітшілік міндетті атқарды. Оған мұғалімдер де үгітші ретінде қатынастық. Бізге атқаруға тиіс жұмысты бөліп беретін сол ауылдық кеңестің хатшысы. Мұқағалимен сол кезде таныстық. Ал шындығында бізді табыстырған ән еді. 

– Ол қандай ән?

– Жетінші ноябрь мерекесін жастар бір үйге жиналып, думандатып өткізейік деп шештік. Сол кешке құрбымыз екеуміз де бардық. Үйге кіргеннен төрде отырған қызыл шырайлы, әдемі жас жігіт көзіме оттай басылды. Оны бұрын көрген жоқ едім. Сол кезде ағаларыңды ішімнен ұнатып қалғандай болдым. Жастар ән айтып жатыр. Кезек әлгі жас жігітке келді. Сондағы Мұқағалидың салған әні әлі есімде. Ол – «Бір бала» әні еді. Жеңгелеріміз «қыздар, сендер де айтыңдар» деген соң, біз де әнге қосылдық. Менің тәп-тәуір дауысым болатын. Мектептегі көркемөнерпаздар үйірмесін басқаратынмын. Сол әннің құдіреті ме екен, кім білсін, әлгінде алыстау отырған Мұқағалидың біздің жанымызға қалай келіп қалғанын байқамаппын... Осылайша, бізді таныстырған да, табыстырған да осы «Бір бала» әні болды. Сондықтан «Бір бала» әлі күнге менің жүрегіме ыстық көрінеді.

– Жүректер өзара табысқан соң, шаңырақ та көп ұзамай көтерілген болар?

– Оның рас. Біз алғаш танысқаннан кейін 5-6 айдан соң шаңырақ көтердік. Мұқағалидың майданнан келген немере ағасы менің әкемнің жалғыз бауыры бар еді, сол кісінің алдына маған құда түсіп келді. Сөйтіп, екеуміз қосылдық. Келесі жылы Мұқағалидың ауылы «Қарасазға» көшіп бардық. Сол жерде мен қазақ тілінен сабақ бердім. Мұқағали 7-сыныптан төмен қарай орыс тілінен мұғалім болды. Мұқағали кітапты көп оқитын. Біздің жақта орыс ұлты жоқ. Мұқағали қайтсем де орыс тілін білем деп орыс кітаптарын жинады. Толстой, Есенинді өте жақсы көрді, Цветаева, Ахматова, Бальзак, Гюго, Гетені оқыды. Мәскеуде менің бауырым оқитын, сол арқылы кітаптарды алдырып, күндіз-түні бас алмай оқитын болды.

Қалғаны мында

0
1
711

Осы тақырып бойынша

Мұқағали наурызда туған - Yvision.kz