7 сәуір күні әлемнің барлық елдерінде Бүкіләлемдік денсаулық Күні аталып өтпек
Жыл сайын Бүкіләлемдік денсаулық күні Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мамандарының пікірінше, барлық әлемдегі медицина қоғамының алдына қойылған маңызды проблеманы айқындайтын белгілі тақырыпта өткізіледі.
2012 жылғы Бүкіләлемдік денсаулық күнінің басты тақырыбы – «Жақсы денсаулық ғұмырға жас қосады» атты ұранымен қарттық пен денсаулық. Бүкіл ғұмыр бойы денсаулықтың жақсы болуы егде ер адамдар мен әйелдердің жасына жас қосып ұзақ жасауымен қатар, олардың барлық деңгейде қоғам тіршілігіне белсенді араласуына септігін тигізетініне көңіл аударылған.
Өту мерзімі: 5-сәуір 2012ж.
Басталуы: 14.00
Өту орны: Мамыр-7,8а үйінде орналасқан «Алматы қалалық ардагерлер үйі»
Дөңгелек үстелге қатысушылар:
-ДСБ-ң, ДДҰ-ң өкілі
-Денсаулық сақтау басқармасы
-Салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық орталығы
-№4 қалалық клиникалық аурухананың, №18 қалалық емхананың, қалалық ревмотологиялық орталықтың, қалалық кардиологиялық орталықтың дәрігерлері
Ұйымдастырушы: Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.
Бүгінгі таңда қазіргі заманғы технологиялар және көптеген адамдардың өмір сүру деңгейі денсаулықты сақтауға, өмір сүру сапасын және ұзақтығын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Алайда, созылмалы инфекциялық аурулардың (жүрек-қан тамырлары аурулары, өкпе ауруы, обыр және қант диабеті) прфилактикасы, геронтология саласында медицина қызметкерлерін және халықты жеткіліксіз ақпараттандыру орын алады. Көп ретте проблема адамдардың өз денсаулығына жауапсыз қарауынан, оны сақтау мен нығайту тәсілдері туралы жеткіліксіз ақпараттың, немесе сапалы медициналық көмекке қол жетімділігінің болмауынан.
Қартаю үдерісін тездететін және өмірді қысқартатын аурулардың даму қауіп-қатерінің ең таралған факторлары: дұрыс тамақтанбау, дене қимылының төмен белсенділігі, темекі шегу, алкогольді шамадан тыс тұтыну, есірткі тұтыну, еңбек және демалыстың мерзімсіз тәртібі, күйзеліспен күресе алмау, уақытылы дәрігерге жүгінбеу болып табылады. Мұның барлығы созылмалы инфекциялық емес аурулардың, соның ішінде онкологиялық аурулардың өсуіне, өмір сүру сапасының және ұзақтығының төмендеуі.
Халықтың қартаюы барлық жерде болады, ең көп жылдам өзгерістер аз дамыған елдерде байқалады. Осындай әлеуметтік қайта қалыптасу проблемалар туындатады және мүмкіндіктер ашады. Елдерде денсаулық сақтау жүйесін және егде жастағы халыққа қызмет көрсетуге арналған әлеуметтік қызметтерді дайындауға қатысты.
ХХ жүзжылдықтың екінші жартысынан бастап, өмір сүрудің орташа ұзақтығы 20 жылға ұлғайған. 2050 жылға қарай ол тағы да 10 жылға өседі деп күтілуде. 21 ғасырдағы қартаю үдерісі өткен ғасырда қарттықтың қалай өткендігінен барынша ерекшеленетін болады. Бізге қарттықты қайта қарастыру қажет. Бүкіләлемдік денсаулық күні БДСҰ халықтың қартаюын алдын ала көре алатындай өмір сүруге қажет әрекеттер мен саясатты қарастырғымыз және құрғымыз келетіндігі туралы біздің ойлануымызды және бұрыш басына денсаулықты қоя отырып, тиісті жауапты шаралар қабылдауымызды ұсынып отыр.
Қазақстанда соңғы жылдары, бүкіл әлемдегі сияқты, егде жастағы халықтың саны өсіп келеді. 2010 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша 65 және одан үлкен жастағы тұлғалар саны 1,1 млн.адамды, немесе ел халқының жалпы санынан 7,14% құраған. БҰҰ сарапшыларымен Қазақстан егде жастағы адамдар санының жылдам өсу қарқыны бар мемлекеттерге жатқызылған, олардың болжамы бойынша 2050 жылға қарай елімізде 25% егде адамдар күтілуде. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік Бағдарламасына сә йкес халықтың өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы 2015 жылға қарай 70 жасқа жетеді.
Егде жастағы халық денсаулығының ерекше жағдайына еңбекке жарамды халықтың тиісті көрсеткішінен 2-8 еседен асатын бастапқы мүгедектіліктің және өлімнің, аурулардың ең жоғарғы деңгейі жатады. Ересек жастағы тұлғалардың негізгі үлесі ұзақ болатын созылмалы аурулармен, соның ішінде психикалық, көптеген патологиялардың (бір сырқаттың 3-5 аурудың) болуын, созылмалы мүгедектік аурулардың таралуын және жарақаттанудың жоғарғы деңгейін қоса алады.
Өмір сүру сапасын және ұзақтығын жақсарту үшін денсаулықты сақтау және нығайту қағидаттары туралы халықты ақпараттандыруды артыру мақсатында медицина ұйымдарында Ашық есік күндері ұйымдастырылатын болады. Бұл күні ерекше ақцент тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізіміне кіретін медициналық профилактикалық (скринингілік) тексеріп-қараудан уақытылы өтуде, және егде жастағы адамдарға арналған денсаулық Мектептерінің жұмысын белсендіруде болады.
Бүкіләлемдік денсаулық күнінің алдында белсенді ұзақ өмір сүруге және салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлесін қосқан облыстық, қалалық орталықтарының танымал ардагерлерін шақыру арқылы геронтология проблемалары бойынша семинар-тренингтер, баспасөз-мәслихаты, дөңгелек үстелдер өтеді.
Медицина университеттері, институттары және колледждер еріктілерінің қатысуымен шипажайларда, қарттар үйлерінде, ардагерлер үйінде әртүрлі акциялар ұйымдастырылатын болады. Барлық іс шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланатын болады.
Бүкіләлемдік денсаулық күніне арналған іс шаралардың бастамашылары және ұйымдастырушылары белсенді ұзақ өмірді және денсаулық сақтау мүмкіндіктері туралы халықтың ақпараттандырылуын арттыруға, өз денсаулығын нығайту және сақтау мәселелері бойынша халықтың біріккен жауаптылығын күшейтуге, салауатты өмір салтына дағдыланған адамдар санын ұлғайтуға үміт артады.
Алматы қалалық салауатты өмір
салтын қалыптастыру орталығы
Тел:382-52-44
Факс:382-50-90
Иса Ж.И.:87013844066
