"Мәдени сенбілік көріністері
[URL=http://www.radikal.ru][IMG]http://s019.radikal.ru/i608/1204/c9/f868e0b2a397.jpg[/IMG][/URL]
"Кітапты сыйлыққа ал" акциясы туралы
[URL=http://www.radikal.ru][IMG]http://s019.radikal.ru/i608/1204/c9/f868e0b2a397.jpg[/IMG][/URL]
"Кітапты сыйлыққа ал" акциясы туралы
[URL=http://www.radikal.ru][IMG]http://s019.radikal.ru/i636/1204/b8/00114db06a8a.jpg[/IMG][/URL]
Семей қаласында тарихи-мәдени ескерткіштер көп. Соның бірі қаланың іргетасы қаланған уақыттың тарихын белгілейтін Ямышев қақпасы болып саналады. Ямышев қақпасының құлпы біздің қаламыздағы тарихи-өлкетану мұражайында сақталған. Қақпа іргетасы қаланған уақыттан бастап 3 рет көшірілді.
[URL=http://www.radikal.ru][IMG]http://s019.radikal.ru/i631/1204/fe/b00f2c97d869.jpg[/IMG][/URL]
Астана қаласы күннен күнге көркейіп Қазақстан Республикасының мақтанышына айналды.Менің арманым балаларымды осы қалада оқытсам деймін.
Мені көбі суық деп ойлайды екен... «Суықсың, сондықтан ештеңе айта алмадым» дейді. Бұрын бұл сөзге мән бермейтінмін. Жаныма жақын жан кеп, солай айтқанда ойланып қалдым. Сырт көзге солай көрінетінімді мүлдем байқамай келіппін ғой... ...Иә, мен түн сияқтымын... Сылқым елестермен мазаңды алып, тыныштықта жалқылығыңды есіңе сап, тоңдыра бететін түн сияқтымын... Алайда, сен ойлаған сол суық ТҮННІҢ Ай мен Жұлдызға тап-татті ұйқыңды күзеттіріп, саған өзің қиялдаған ғажайып түс сыйлайтынын білесің бе?! ...Иә, мен күз сияқтымын... Сағыныштың сары жүгін арқалатып, сұрланып, жанарларға жас үйіре, суық желмен тоңдыратын күз сияқтымын. Бірақ сап-сары болса да, үзіліп жатқан сан мыңдаған жапырақтың әнін тындаған суық КҮЗДІҢ дәл сол қалпымен ғана сүйкімді екенін білесің бе?! ...Иә, мен ақ қар сияқтымын…
«Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасыныңбастамасымен Семей қаласында бірінші рет ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасы "Мәдени сенбілік" акциясын ұйымдастырды. «Мәдени сенбіліктің» негізгі мақсаты Семей қаласы тұрғындарының сенбі күндерінде бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. Кітапхана алаңындағы Қ.Мұхаметханов ескерткіші маңында 2012 жылы 14 сәуір күні қала жұртшылығын кітап оқуға тарту, «Мәдени сенбілік» шарасының мақсатымен таныстыру, Семей қаласы тұрғындарының демалыс күнгі уақыттарын мәдениетті пайдалануына көмектесу мақсатында «Мәдени сенбілік» шарасының ашылу салтанаты өтті. «Мәдени сенбілік» аясында «Кітапты сыйлыққа ал» акциясы ұйымдастырылды. Шараға қалалық сенбілікке шыққан кітапхана маңында орналасқан Қазақстан Халықтары Ассамблеясы ұжымы мен тарихи-өлкетану мұражай ұжы…
Кеше, яғни 18 сәуір күні Абай атындағы кітапханада "Рухани қазына - ғасырдан ғасырға" атты электронды кітап көрмесі өтті. Аталмыш көрмеге өз заманыңда қазақ халқының Ұлы ақыны Абай Құнанбаев нәр алған кітаптар көрніс алды. Кітап көрмесі бес бөлімнен тұрып, 18 ғасырдын аяғы мен 19 ғасырда жарық көрген кітаптарды құрады.Әдебиеттердің барлығы кітапханамыздың сирек қорында сақталып, кітапханамыздын бай қорын құрайды. Өткізген шарамыз қатысушылардын үлкен қызығушылығын тудырды.
Биыл Алматыда мәдениет жылы жарияланған. Осы жылы қаламызда көптеген мәдени шаралар өтетініне анық сенуге болады. Бүгін сағат кешкі жетіде Құрманғазы атындағы консерваторияның Үлкен залында күйші әрі композитор Қаршыға Ахмедияровты еске алу кеші өткен болатын. Жұмыстан шыға салып кеш өтетін жерге асықтым. Кеш өтетін жерге жақындай түскенде сыртта күй атасы Құрманғазының "Сарыарқа" күйі естілді. Ғимаратты қоршаған қалың адам. Жақындап келсем, беті жабулы ескерткішті байқадым. Ойналып жатқан күйлерге, жабулы ескерткіштін қырынан көрініп тұрған домбыраның бір бөлігіне қарап отырып, ескерткіш Құрманғазы Сағырбайұлына арналғанын бірден түсіндім. Әсем әуен іздеп келіп, Құрманғазы бабамызға арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімін күтпеген жерден көре алдым. Видеоға түсіріп алдым, бейнежаз…
Пойызда да парақорлық «гүлдеп» тұр `НУР АСТАНА`мен MASA.KZ 26.04.2012 | Айдары: Апта Хадисте: «Параны беретіндер де, оны алатындар да тозаққа барады» делінген. Бірақ содан қорқып, оны ескеріп жатқан кім бар дейсің. Жұмыр басты пендеге жұқпай қоймайтын жиырма бірінші ғасырдың дерті – жемқорлық қоғамды кеулеп, үңгіп бара жатқан қарабас құрт сияқты. Оған қарсы вакцина әлі күнге дейін табылған жоқ. Құрғақ уәдемен қуырдақ қуырған алаяқтар ел қазынасына тап бір өз атасынан мұраға қалғандай сұқтанып, сұғанақ қолын сұғуды тоқтатпай келеді. Жемқорлықтың жүрмейтін жері жоқ! Жуырда осы үзілмейтін үрдістің куәгері болдым. Әңгіме жүк және жолаушылар тасымалдайтын темір жолдан басталды. Оқуымның соңында туған елге табан тіреуге мүмкіндік туып, алып-ұшып вокзалға аттандым. Астана-Сарыағаш пойызы адамға…
Бізге Борис Акунин деген лақап атпен танымал жазушы Григорий Чхартишвилидің «Шпиондық романы» экранизацияланады деген ақпарат басқаны қайдам жеке өзімді фильмді тағатсыздана тосуға мәжбүр қылды. Ұлы Отан соғысының күтпеген сәтте басталуы мен кеңестік әскердің оған дайын болмауы туралы ерекше нұсқа ұсынатын шығарма кино мамандары тұрғысынан жаман түсірілмес деген үміт болған. Кешеге дейін... Әрине, ауызды құр шөппен сүрту дұрыс болмас, әуелі «ТриТэ» студиясы түсірген "Шпионның" әлеуетті тұстарын атап кетсек. Қор болған сюжеттің кінәлі кейпін бірнеше фактор, атап айтсақ, актерлар ойыны, шын өмірде жоба күйінде қалып, аяқсыз қалған КСРО астанасының келбеті, бірді-екілі арнайы эффект аз да болса ақтап ала алды. Мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариатының (НКГБ) аға майоры Октябрьский болып…
Қазақстандық БАҚ пен блогерлар арасында мемлекеттік тілді меңгерудің мысалдары мен инновациялық әдістері туралы бірінші дәстүрлі үздік жарияланым байқауы іске қосылды. Байқаудың жалпы жүлде қоры 1 миллион теңге. Жеңімпаз 50 грамм салмағы бар алтын құйма мен ақшалай жүлдеге қол жеткізеді. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді игеру мысалдары мен инновациялық әдістері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат тарату және халықтың қазақ тілін меңгеруге деген ынтасын арттыруға ат салысу. «Қазақстанның Медиа Альянсы бұл байқауды түрлі себеппен қолдап отыр. Менің ойымша, қазақ тілін игерудегі басты түйткілді мәселе – дұрыс әдістемеліктің жоқтығы. Тиімді жолдар көрсетілмеген соң, мемлекеттік тіл де меңгеріліп қарық болып жатқан жоқ», – дейді Қазақстан Медиа Альянсының төрағасы Әділ Жәлелов.…