Мазмұнға өту

Жаңа

Күй мерекесі

Биыл Алматыда мәдениет жылы жарияланған. Осы жылы қаламызда көптеген мәдени шаралар өтетініне анық сенуге болады. Бүгін сағат кешкі жетіде Құрманғазы атындағы консерваторияның Үлкен залында күйші әрі композитор Қаршыға Ахмедияровты еске алу кеші өткен болатын. Жұмыстан шыға салып кеш өтетін жерге асықтым. Кеш өтетін жерге жақындай түскенде сыртта күй атасы Құрманғазының "Сарыарқа" күйі естілді. Ғимаратты қоршаған қалың адам. Жақындап келсем, беті жабулы ескерткішті байқадым. Ойналып жатқан күйлерге, жабулы ескерткіштін қырынан көрініп тұрған домбыраның бір бөлігіне қарап отырып, ескерткіш Құрманғазы Сағырбайұлына арналғанын бірден түсіндім. Әсем әуен іздеп келіп, Құрманғазы бабамызға арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімін күтпеген жерден көре алдым. Видеоға түсіріп алдым, бейнежаз…

-1
5
1390

Пойызда да парақорлық «гүлдеп» тұр

Пойызда да парақорлық «гүлдеп» тұр `НУР АСТАНА`мен MASA.KZ 26.04.2012 | Айдары: Апта Хадисте: «Параны беретіндер де, оны алатындар да тозаққа барады» делінген. Бірақ содан қорқып, оны ескеріп жатқан кім бар дейсің. Жұмыр басты пендеге жұқпай қоймайтын жиырма бірінші ғасырдың дерті – жемқорлық қоғамды кеулеп, үңгіп бара жатқан қарабас құрт сияқты. Оған қарсы вакцина әлі күнге дейін табылған жоқ. Құрғақ уәдемен қуырдақ қуырған алаяқтар ел қазынасына тап бір өз атасынан мұраға қалғандай сұқтанып, сұғанақ қолын сұғуды тоқтатпай келеді. Жемқорлықтың жүрмейтін жері жоқ! Жуырда осы үзілмейтін үрдістің куәгері болдым. Әңгіме жүк және жолаушылар тасымалдайтын темір жолдан басталды. Оқуымның соңында туған елге табан тіреуге мүмкіндік туып, алып-ұшып вокзалға аттандым. Астана-Сарыағаш пойызы адамға…

0
2
1192

Өлдің, «Шпион», қор болдың...

Бізге Борис Акунин деген лақап атпен танымал жазушы Григорий Чхартишвилидің «Шпиондық романы» экранизацияланады деген ақпарат басқаны қайдам жеке өзімді фильмді тағатсыздана тосуға мәжбүр қылды. Ұлы Отан соғысының күтпеген сәтте басталуы мен кеңестік әскердің оған дайын болмауы туралы ерекше нұсқа ұсынатын шығарма кино мамандары тұрғысынан жаман түсірілмес деген үміт болған. Кешеге дейін... Әрине, ауызды құр шөппен сүрту дұрыс болмас, әуелі «ТриТэ» студиясы түсірген "Шпионның" әлеуетті тұстарын атап кетсек. Қор болған сюжеттің кінәлі кейпін бірнеше фактор, атап айтсақ, актерлар ойыны, шын өмірде жоба күйінде қалып, аяқсыз қалған КСРО астанасының келбеті, бірді-екілі арнайы эффект аз да болса ақтап ала алды. Мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариатының (НКГБ) аға майоры Октябрьский болып…

5
2
918

Қазақ тілін меңгеру мүмкіндіктері туралы үздік жарияланым байқауының жеңімпазы алтын құймаға ие болады

Қазақстандық БАҚ пен блогерлар арасында мемлекеттік тілді меңгерудің мысалдары мен инновациялық әдістері туралы бірінші дәстүрлі үздік жарияланым байқауы іске қосылды. Байқаудың жалпы жүлде қоры 1 миллион теңге. Жеңімпаз 50 грамм салмағы бар алтын құйма мен ақшалай жүлдеге қол жеткізеді. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді игеру мысалдары мен инновациялық әдістері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат тарату және халықтың қазақ тілін меңгеруге деген ынтасын арттыруға ат салысу. «Қазақстанның Медиа Альянсы бұл байқауды түрлі себеппен қолдап отыр. Менің ойымша, қазақ тілін игерудегі басты түйткілді мәселе – дұрыс әдістемеліктің жоқтығы. Тиімді жолдар көрсетілмеген соң, мемлекеттік тіл де меңгеріліп қарық болып жатқан жоқ», – дейді Қазақстан Медиа Альянсының төрағасы Әділ Жәлелов.…

Қазақстандағы қоғаммен байланыс

Қазақстандағы қоғаммен байланыс:мәселе-әрекет-шешім Қазақстанда жұртшылықпен байланыс өзіндік жүйе, әлеуметтік институт ретінде қалыптасу үстінде. Үкіметтік және бизнестік құрылымдардың PR қызметтері жұмыс істеуде. Қазақстандық PR агенттіктерінің саны өсе түсуде. ҚР Жұртшылықпен байланыс жөніндегі ұлттық ассоциациясы және Қазақстан PR кәсіпқойларының «PR-шы» клубы сияқты алғашқы қоғамдық бірлестіктер пайда болды.Қазақстан Республикасының жұртшылықпен байланыс жөніндегі ассоциациясы (ЖБҰА) PR нарығында кәсіби қызмет көрсететін бірнеше компанияның бастамасы бойынша 2001 жылы құрылды. ЖБҰА-ның құрылтайшы-мүшелері заңды тұлғалар болып табылады. Қазіргі таңда ЖБҰА мүшелері қатарына «BRIF Research Group» Әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі, Қазақстан Баспасөз клубы, «Ренессанс» ко…

2
2
12664

Еуропа,ТМД елдеріндегі қоғаммен байланыс

Еуропа,ТМД елдеріндегі қоғаммен байланыс Еуропа елдеріндегі жұртшылықпен байланыс. Еуропада қоғаммен байланыс саласындағы алғашқы қызметтер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды,бұл өз кезегінде Англия мен Франциядағы қоғаммен байланыс саласының интенсивті дамуының негізін қалады.Сэм Блэктің пайымдауынша,дәл осы әскери ақпарат пен басқа да әскери қызметтер министрлігінің жұмысы Ұлыбританияда пиар саласындағы мамандандырылған мамандардың көп бөлігін дайындауға мүмкіндік берді.Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімдер бірінші кезекте муниципалды құрылымдарда пайда болып,әскери насихаттаушылардан құралды.[4] Жұртшылықпен байланыстың Батыста (алдымен АҚШ-та, кейіннен Еуропада) қоғамдық өмірдің дербес саласы ретіндегі қалыптасуының шоқтықты кезеңі постиндустриялық қоғамның іргесі қаланған…

1
0
3113

PR-дың даму тарихы,АҚШ тәжірибесі.

1.PR-дың даму тарихы,АҚШ тәжірибесі. Жұртшылықпен байланыс өз дамуында ең алдымен батыс қоғамындағы әлеуметтік құрылыстың күрделенуімен қатысты болған бірнеше кезеңнен өтті. Осындай төрт кезең атап өтіледі.ХІХ ғасырдың орта тұсынан бастап жарнама моделі, біржақты байланыспен ерекшеленеді. Қазір бұл модель сирек қолданылады.ХХ ғасырдан басында-қоғамдық ақпарат моделі. Оған ақпараттың қоғамда белгілі бір ұйымның мақсат-мүддесіне орай таралуы, хабарламаның обьективтілігне баса көңіл бөлінуі тән. Бірақ бұл модель де коммуникация процесінің біржақтылығымен айырмаланады.1920 жылдан бастап екіжақты ассиметриялық модель пайда болды. Бұл модельге аудиторияның ұстанымдарын кейіннен өзгерту мақсатында зерттеп білу тән. Алғашқы екі модельмен салыстырғанда әсер ету обьектісінің мінез-құлқы мен ішкі жа…

1
0
8599

Выпуск 31. Төлеген Мұхамеджанов, Шөмішбай Сариев - Қимай сені барамын

Композитором, поэтом и политиком Төлегеном Мұхамеджановым (1948) написана музыка к более чем к 20 кинофильмам. Он является автором многих популярных песен и других симфонических произведений. Поэт Шөмішбай Сариев (1946) является автором более 15 книг и 300 стихотворений и песен. Произведения Сариева переведены на многие языки мира. Творческие пути наших героев пересекались не раз. И каждый раз это приносило результат и обогащало казахскую музыку. Одним из самых известных совместных произведений двух авторов является песня "Қимай сені барамын". Какова история этой песни? Узнайте прямо сейчас! қазақша үйренейік Друзья, ретвиты, лайки и клики на кнопочки "facebook", "ВКонтакте" и "Мой Мир" приветствуются. Спасибо! :) При подготовке выпуска были использованы материалы из 1, 2, 3 источников. А…

4
2
2000