Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Табиғат әлемі


Уа, табиғат, құдіретіңнен айналдым,

Сәні болдың таусылмайтын ойлардың.

Әсемдігің, сұлулығың елжітер

Серігіндей күндіз Күннің, түнде Айдың.


Өзен - көлдер жылғасымен жарасқан,

Сырын айтып бір-біріне қарасқан.

Мөлдір көлдің сағым ойнап жүзінде

Арайланған аспанда Аймен таласқан.


Жұлдыздар да тізіліпті маржандай,

Сезім жібі қалай тұрар жалғанбай.

Тылсым түнде аспаннан сыр тамғандай,

Есі кетіп егіз жүрек жанғандай.


Тау мүлгиді, орман терек сақалы,

Табиғаттың ерекше бір мақамы.

Етегінде еркелеген бұлағы

Сырға толы сылдырап тіл қатады.


Қарай алмай қайыңдар да мақтанып,

Тербеле алмай теректер де бапталып.

Сұлулықтың сырын ұқпай пенделік,

Шалғындары табанда жатыр тапталып.


Ұғар ма табиғаттың нарқын адам,

Дей ме екен : «Кереметін тартып алам!»

Тамшымын жанарыңда мөлдіреген,

Мен де бір жапырағың қалтыраған.

Гүлнұр Қуанышбекқызы

0
0
6540

Осы тақырып бойынша

Табиғат әлемі - Yvision.kz