Мазмұнға өту
VseProSSto

VseProSSto

Сайтта 2011 ж. 12 шілде

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

19

пікірлер

150

тіркелуші

6

жазылу

1

Қайда кетті?!

Қайда кетті, тоқтаусыз, еш алаңсыз?!

Келді міне ауламызға жалаң күз!

Ол да кетер көп кідірмей жолымен,

Үлгермесең қалдың айла-шарасыз...

 

Уақыт саған қайтып келмес мәпелеп,

Дұрыс жолға қайта қайта жетелеп,

Бір келгенде қадірін біліп бақпасаң,

Өзіңнен көр, жүрген қазір еркелеп!!!

0
0
590

«Фатиха» сүресінің тәпсірі

بسم الله الرحمن الرحيم Құран Кәрім осы сүремен басталғандығы себепті бұл сүре «Фатиха»(Фатиха – мағынасы «ашушы»)деп аталды. Және «Масани» деп те аталады, өйткені ол намаздың әрбір рәкағатында оқылады. Сондай-ақ, бұл сүренің басқа да бірнеше есімдері бар. بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ 1. Аллаһтан сәттілікті және істің жүзеге асуын тілеп, әрі қабыл етуін сұрай отырып Аллаһтың атымен бастаймын Аллаһ – Жалғыз Өзі құлшылыққа лайықты болған жаратушы Ұлы Раббымыздың есімі. Ол Аллаһ Таъаляның есімдерінің ішіндегі ең ерекшесі. Бұл есіммен Аллаһ Таъалядан басқа ешбір зат аталмайды. ﴾Ар-Рахмаан мен Ар-Рахиим﴿ Аллаһ Таъаляның көркем есімдерінен. ﴾Ар-Рахмаан﴿ – Бүкіл жаратылысты қамтиды, ал (Ар-Рахиим) — тек мүмин-мұсылмандарға арналған Аллаһтың мейірімділігі. الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَ…

3
2
4747

Өмір қызық...

Қызық қой мына өмір қызық екен,

Біреу жақсы біреулер бұзық екен.

Бұзық болу біреуге азық екен,

Демек ол құраннан қашық екен!

Жақсы адамның жүрегі ашық екен,

Құран оқу ол адамға машық екен.

Тыныш болып, иманға жақын болсаң,

Жәннәттің төрі саған нәсіп екен!

1
1
647

Калиманың шарттары

Ля иляха иль Аллах, Мухаммаду Расуль Аллах.

Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ,

Мухаммад оның елшісі әрі құлы.

осы Калима пайда беруі үшін, қандай шарттарды орындау керек? сол туралы...

Дәріс беруші Октам - мединадағы Джамиа университетинде окыган.

Ұнаса мына сілтемеден жүктеуге болады.

2
2
56976

Иман ізде - хит

Қайнарынан бастау алып дін Исламның,

Білімге талап қойған мұсылманмын!

Сақал қойдым - сақалым Абайдікі,

Сталинге ұқсап мұрт қоюға қысылғанмын.


Терроризм дегенге қатысым жоқ,

Ондай жынды, аурулармен шатысым жоқ!

Дін Ислам құптамайды бұл қылықты,

Ол түгіл құптамайды сопылықты!


Сопылықтың жаршысы Исматулла,

Ән айтып, зікір салып Джип мініпті.

Депутаттың біреуі джип әперген,

Қалың жұртқа мазақ болып, күлдіріпті.


Жаспын мен, енді ғана ес білгендей,

Бірақ Аллам көп нәрсені білдіргендей.

Мұсылман болғаныма қуанамын,

Ақ құс ұшқан, бау-бақшаға дәл кіргендей.


Тұрса да жағдай сонша құты қашып,

Қорықпашы бауырым, шошымашы!

Сонда да білім ізде, иман ізде,

Алланың қайырынан құр қалмашы!

Қазағыма

Сыйласа егер әр қазақ өз тарихын, Салт-дәстүрін терең бойлап қараса шын, Қазіргі болып жатқан шатасудың, Ажыратып алар еді ақ-қарасын. Ең алдымен жүректерге қарасаңыз, Біз қазақ адалдыққа таласамыз, Абыройды төгуге қорыққаннан, Ар-ұятты сақтауға тырысамыз. Бірақ қазір құндылықтар ауысқан күн, Ақшалы мен қалталы табысқан күн, Ары менен намысты ұмыта сап, Дүние мен мүлікке тартысқан күн. Рухани байлық деген сөз жоғалды, Иман десе қазағың шошынған күн, Абайларға еліктеп сақал қойсаң, Бетіңе тік қараудан тосылған күн. Туылған қорқынышсыз асылдан кім? Туды ғой имандылар қысылған күн. Жамандықтан қайтарып жақсы айтсаң, Дейді саған “күнәхар кім, мұсылман кім”? Қайтейін қазағымның қонақжайын, Тұрса егер дастарханда арақ дайын, Шәй беріп, айран берсең “ойбай, ұят!”, Арақ ішу шаруа ғой “қарапайым”!…

3
1
456