Мазмұнға өту

Жаңа

IIІ ArtBatFest заманауи өнер Фестивалі басталды

25 мамырда Алматы қаласында IIІ ArtBatFest заманауи өнер Фестивалі басталды. Биыл үшінші рет өткізіліп жатқан фестивальдің тақырыбы — «2012: Жарық дүниенің басталуы». Ол түрлі жанрдағы ауқымды да әртарапты көркем туындыларды экспозиция алаңшаларына шоғырландыру, заманауи өнер шеберлерінің пессимистік, күңгірт дүниетанымға оптимистік, ашық образдарды қарсы қоюға деген ынта-жігерін біріктіру арқылы «Бізді жарқын болашақ күтіп тұр және әрқайсысымыз үшін ол бүгін басталады» деген энергетикалық, әрі мағыналық пайымдау шығарады. Бұл Фестивальдің басты идеясы болып табылады. Бірінші ArtBatFest 2010 жылы бизнесмен, суретші мен өнер қайраткерлерінен құралған бастамашылар тобымен ұйымдастырылған еді. 2011 жылы Фестиваль халықаралық деңгейге көтеріліп, Қазақстаннан, Ресейден, Өзбекстан мен Израильде…

12
0
1655

Соғылды соңғы қоңырау! Енді - ҰБТ!

Мұғалімнің өмірі оқу жылдарымен өлшенеді. Ия, тағы бір оқу жылын тауыстық. Соңғы қоңырау соғылды. Бірақ бүгіннен-ақ "өткен жылды қалай және неге жұмсадым?" деген өзіме-өзім есеп беру әдетім миымды шағып барады. Сонымен қоса алдағы өмірге деген жауапкершілік те қабаттаса қалқып кеп тұр. Менің сондай, алдыңғы күнді аңсап тұратын "ауыруым" бар енді. Ал алда ең алдымен төбесі көрініп тұрған - ҰБТ! Мемлекеттік маңызға ие ауқымды уақиға келіп қалды. Оның менің жеке басыма тікелей қатысы жоқ секілді, мен оған қатыспаймын да, жоламаймын да. Бірақ... қатысы бар. ҰБТ-ның бәрімізге қатысы бар екенін мен сізге қартайған ұстаз ретінде айтамын. Сонымен... ҰБТ-2012 туралы алғашқы да, соңғы да қоңырау емес бұл мақала! ҰБТ - бүкілхалықтық есуастану бейнесәті(БІЛІМДІ ҚОРҒАУ СӨЗІМ) ҰБТ сахнасының қатынасушы…

1
2
1252

Первый Сөзыв. Поэтический фестиваль

Итак, дорогие любители литературы, свершилось. Точнее — свершится. Нам с Иваном Бекетовым удалось обзавестись небольшой суммой денег, достаточной для устроения поэтического фестиваля. Список поэтов следующий: Дюсенбек Накипов, Василий Муратовский,Иван Бекетов,Евгения Зольцман,Канат Омар,Ольга Передеро,Жанар Секербаева,Юрий Серебрянский,Чингиз Тибэй,Ольга Передеро,Сергей Алексеёнок,Дарья СпиваковаАнуар Дуйсенбинов,Салтанат Казыбаева,Павел Погода,Мария Вильковиская, Александра Прощенко,Ален Камышев,Алия Кадырова Представлены пока поэты Алматы и Астаны. Список будет немного изменён в процессе подготовки, соответственно, пост обновлю. Есть вероятность расширения географии до Узбекистана, Дании, России и Грузии, всё будет зависеть от средств, также надеюсь на расширение географии внутренней. М…

Халықтың жазалаушысы болмаңыздар!

Белгілі театр режиссері Болат Атабаев Ақтаудағы сот процестерін жүргізіп отырған соттарға арнайы үндеу жасады. Ол соттарды қарапайым мұнайшыларды заңсыз түрмеге қамамауға, саяси репрессияларды жүргізуге көмек бермеуге және режимнің қол шоқпарына айналмауға шақырды. Төменде мәтіннің толық нұсқасын ұсынамыз. Мен, Атабаев Болат Манашұлы, Қазақстан азаматы, адамдар тағдырын шешуге, оның қаншалықты деңгейде айыпты екенін және қандай түрде жазалау керектігін Конституциямен аса жоғары сеніп тапсырылған азаматтарға үндеу тастаймын. Тоталитарлық билік жүйесі сот жүйесін саяси жазалау мен руаралық қақтығыстарды шешу құралына айналдырды. 2012 жылы жаппай қамаулар жүргізіліп жатыр. Тергеу кезіндегі заң бұзушылықтар, тергеудегі адамдарды азаптау, адамгершілікке жатпайтын әрекеттер көрсету, жабық түрде…

1
0
628

Балалық шағымның кемесі

25 мамыр күні әр мектепте соңғы қоңырау соғылып, оқушылармен қош айтысады, біреуімен күзге дейін, ал біреуімен мәңгілікке. #13 мектебінің түлектері біздің фотоматериалға қатысып, алдағы сынақтары мен өмірлік мақсаттарымен бөлісті. Әзият Бейжүменова, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақстан Республикасының үздік мұғалімі, жұмыс өтілімі 42 жыл. - Қырық екі жылдың ішінде 12-13 жыл ғана сынып жетекші болмаған шығармын. Осы уақытқа дейін бірнеше сыныпты шығардым. Жылда әр сыныптың, әр оқушының өзіндік орны, өзіндік ерекшеліктері болады. Олардың барлығын сағынасың, кездесулер ұйымдастырғанда шақырады, барып тұрамын. Ал алысқа кеткендері өздері іздеп келеді. Мұғалімін іздеп келіп тұрған шәкіртті көрсек, көңіліміз бір жадырап қалады. - Биылғы оқушыларыңыздың ҰБТ-ға дайындығы қала…

«Қара киімділер 3»: көрермен, саған серт!

Алдымен, агент Кейдің кім екенін айтып алайық. Ол – жас Джейдің қарт әріптесі. Екеуі агенттер, жат планеталық зұлымдыққа қарсы күресетін, жердегі өзге ғаламшарлықтардың жүріс-тұрысын бақылап, қадағалап отыратын арнайы ұйымның өкілдері, басқаша айтқанда қара киімділер. Сонау 1997 жылы жарық көрген бірінші «Men in black» есіңізде шығар. Міне, сол фильмнің бас кейіпкерлері. Томми Ли Джонс пен Уилл Смиттің тандемі кино саласындағы танымал кейіпкерлердің қатарына кіреді. Араға екінші фильмді салып барып, үшіншісін түсірген Columbia Pictures өнімі бұл жолы Борис «хайуаннан» (Джемейн Клемент) басқа өзге планеталықты жарытып көрсетпеді. Басымдық басқаға берілді. Ай бетіне салынған алып зынданнан сылқым Лиллидің (Николь Шерзингер) көмегімен қашып шыққан Борис бір қолынан һәм бостандығынан айрылған…

«Қара киімділер» қазақша сөйлей бастады

Көптен күткен «Қара киімділер» франшизаның жалғасының тұсаукесері өтті. Сүйікті кеіпкерлеріміз агенттер Джей мен Кей өздерінің мысқылдап сөйлегенін, харизмасын, сезiмталдығын, бір-біріне адал екендігін осы жолы да көрсетті. Сюжет бойынша Джей басқа жерлiк соққыдан қорғайтын ешқандай галактикалық қалқан жоқ екеніне көзі жетеді. Агент Кей оны құрастырмаған, себебі 1969 жылы өлтірілген. Кей сол уақытқа қайтып барып, серiгінің өмiрi мен бүкіл ғаламшарды құткарады. Сонымен қатар өзінің өміре қатысты жасырын сырын ашады. Жұмыс атқарған бес сценаристтер фильмге пайда тигізді деп айтуға болмайды. Неге десеніз, оны ықыласты көрермен ғана байқай алады. Әйтсе де «Қара киімділердің» табынушылары «ескі достарымен» кездескеніне шын рахаттанады. Айта кету керек, қазақ тілінде дубляж жасауға жұмсалған 20…

«Электрондық оқу» жүйесінің мақсаты мен құрылымы

«Электрондық оқу» жүйесінің о бастан мақсаты: Мектеп, колледж, университеттерге тікелей барып, оқытушының алдында отырып оқуға мүмкіндігі жоқ адамдар қашықтан интернет арқылы онлайн немесе электрондық поштамен оқуы. Оқу процесінің оқытушы мен оқушының кеңістіктегі орнына теуелсіз болуы, яғни қашан және қай жерде оқимыз деген мәселенің болмауы. Қалаған жерде және ыңғайлы мезгілде оқы. Білім беру процесін біртұтас электрондық жүйеде тиімді басқару. Оқытушының, оқу орнының барынша кең, дүниежүзілік аудиторияға шығуы. Оқушының оқу мүмкіндіктерін таңдау құқының барынша жоғары жүзеге асырылуы. Оқу процесінің бизнестік деңгейі мен құнының күрт артуы. Жалпы, дүниежүзілік деңгейде «Электрондық оқу» жүйесі осы өз мақсаттарына әлдеқашан жетті десек қателеспеймін. Көптеген дамыған елдерде бұл жүйе ме…

0
2
2388