Қайдағы EXPO - 2017 Астана? Білесіңдер ме Астана қандай жағдайда екенін?
Қайдағы EXPO - 2017 Астана? Білесіңдер ме Астана қандай жағдайда екенін?
Білмесеңдер айтып берейін, бәріңіз айтатын боласыңдар басқа қалаларымызда жетісіп тұрған жоқ деп....бірақ бұл АСТАНА емес па?
Негізі бұл мәселелер жай қарапайым Астана тұрғынының өмірінде кездесетін жәйттар. Көбінесе бұл мәселелермен ұшыраспайтын ақшалы азаматтар (бұл жерде нағыз білімімен және еңбегімен тапқан жандар,әлі де осындай азаматтар бар екен! және де алдамшы жолмен байыған жандар да кіреді) және де Астанаға арман қуып келген жастар көпшілігі Астанада оқимын, Астана керемет дейтін жалыңдаған көпшілік мәселелерді білмейтін студенттер.
Негізгі айтуым қалайша EXPO - 2017 Астанада өткізуге ниет білдіріп отыр екен? Баягы показуха әрине!
Астананың кез келген жері толған проблема, қазір оқып отырған жан Астананың қарапайым көзі ашық, білімді тұрғыны болса, менімен келіседі. Ол проблема басталады:
қарапайым ауызымыз айтып шаршаған Жилищно-коммунальные услуги (ЕРЦ)бізде сол жұмыс істемейді, оны коя тұрын телефонға да жауап бермейді. Талай сол туралы әкімге хат жазғандарын көрдім нәтиже жоқ.
Тағы мәселе сол баяғы қарапайым қоғамдық өмірмен байланысты,оны мыжып жазып не істейін ешқандай халыққа жұмыс істейтін мекемелерінде бір -бірімен байланыс жоқ ол Астана су арнасы ма әлде жай ғана КСК ма бәрі басынан кеткен.
Қарапайым халық пайдаланатын автобусға қатысты мәселе ешқашан бітпейтін секілді. Сенесіз бе Астананың минус 40 аязында оқушылар автобус күтеді, әңгіме мынада болып тұр, сол автобустардың кейбір кездері интервалы 40 минуттан немесе әрі кетсе 1 сағаттан асады. Ойланыншы осы шешілмейтін бір киын мәселе ма? Жоқ бәрі қолда тұрған нәрселер емес па?
Осындай қарапайым астанамыздың мәселерін шеше алмай отырған да,осыларға кайдағы EXPO - 2017 тең?
Ең ауыр мәселе бұл мусор! Бізде жалпы Қазақстанда переработка отходов деген салада дамымай келе жатқанымызды көпшілік жай адамдар ойлай бермейді. Астанада қысқы Азия ойындары кезінде арнайы жаңа мусор ящиктерін койған болатын, тек жай для показухи үшін баяғы, қазіргі кезде сол мусорный ящиктер кандай күйде екенін көрсендер! Жалпы еліміздің барлық қала маңында үлкен свалка ашық күйде жатқаны,бұл енді басқа үлкен шаруа,білмеймін ол мусор бізді неге әкелетіні...
Тағы жақында бір проблема қосып алдық, ол тек Астанада емес барлық Қазақстан бойынша мектептерде жазғы лагерь ұйымдастыру. Жай атауы ғой ұйымдастыру, таң қаламын лагерь деп атап ұйымдастырса, арнайы бағдарлама құрастыру, балаларды тәрбиелеуге қатысты үлкен жоба болу керек еді ғой...
Бірақ іс жөнінде мына жазғы ыстық күні балаларды арнайы астобуста жоқ, кәдімгі топ топ баланы көшеде шаршатып, остановкада автобус күткізіп, сол орын жоқ автобусға тұрғызып, Мстители деген киноға апару екен, білесіз ба бұл киноға шектеу 12 жасқа дейін, ал олар болса 1 -4 сынып оқушыларын апарып жүр.
Осы ма? Балаларымызды тәрбиелеп жатқандары, осыны айтып білім басқармасына хабарлассам, Астанада көп мектеп бар қайсы бірін қадағалаймыз дейді, осылар проблеманы шешуге емес невозможно деген сөзден басқа ештене айта алмайды?
Негізі жаздық лагерь ашу деген приказ болса, дұрыстап балаларды тәрбиелейтін арнайы бағдарлама, іс шараларды ұйымдастыру, психикалық қабылдауды ескеру деген сиякты жақтарын қарастырмай ма? Осы білім басқармасындағы басшыларға таң қаламың, ең қызығы қазақта бар қасиет өз қателігін мойындамау!
Осындай қарапайым проблемаларды шешудің орнына бұлардың EXPO - 2017 айтып отырғандарын қарандар! Лучше Бельгияға бере салындар, біле берсендер оларда мұндай кулкі келетін проблемалар жоқ!
