«Балапан» онлайн ойын ұсынады!
01.06.2012 Достар, «Балапанның» сайтында енді онлайн ойын ойнауға мүмкіндік бар. Бүгіннен сендерді мерекелеріңе тарту ретінде, «Бауырсақ» атты ойынды қосып отырмыз. Бұл ойында жыланды оңға, солға бағыттау арқылы сандарды қосып, алып, көбейтіп, дұрыс жауабы бар бауырсақты жеу керек. Ең жоғары жоғары ұпай саны – 120 балл. Осы баллды жинап «Ең үздік» атан! Сәттілік! Алдағы уақытта жаңа ойындармен қуантатын боламыз»
