Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құран - пайғамбарымыздың нағыз Суннасы

Ей, кітап иелері! Бәрімізге ортақ бір сөзді ғана-Аллаға ғана сиыну, оған еш нәрсені тең келтірмеу, Құдай тұрғанда өзіміздің әлде біреулерімізді Тәңір тұтып, табынбау сияқты ортақ бір сөзді ғана тұтынайық»,- де. Егер олар бұдан бас тартса, онда: «Ей, қауым! (яһудилер мен насаралар қауымы), біздің мұсылман екенімізге куә болындар» (3:64).

Құдыретті Құдайдың тура жолға жіберген нұсқауына Құранға сәйкес өмір сүруді қалайтын барлық адамдарға үндеу жариялаймыз. Біз түрлі дін ұстанымдағы және сенімдегі барлық адамдарды – сунниттерді, шииттерді, христиандарды, иудейлерді, буддашыларды, индуистерді, агностиктерді, атеисттерді және т.б. құрандық Бір Құдайға  (Единобожие) негізделген Ислам әлемі жүйесі туралы хабар – мәлімет алуға шақырамыз!!!

Cіздердің көпшілігіңіз ата-баба, әке-шешеден мирас болып қалған дүниетанымдық ұстаным, рухани және діни нанымдарға шүкір-қанағат етіп жүрсіңдер. Дегенмен, әркашанда қайсы біреулеріңіз ішінен, сана түкпірінде ұстаз – тәрбиешілеріңіз миыңызға құйған ой шеңберіне сыймаған көріністерге қисынды күмән келтіресіздер. Әлде біреулеріңіз тірліктің мақсатын, қоршаған әлем, қайнаған өмір мән-мағынасын іздеп сирек болса да сауалдарыңыз бар болатын. Шамалы бөлігіңіз осы сұрақтарды ашық қоюға батылы барған. Қалған ат төбеліндей тайсалмайтындар, өмірлік сұрақтарға табылған шешімдерге сай өмір сүреміз десеңіздер, тәуекел қылындар.

«Ислам» дегеніміз не?

Ислам – Құдайға бой ұсынушылық жүйесі. Осы жүйені Құдай Алла елшісі арқылы соңғы Құдайшыл кітабы, осыдан мың жыл астам бұрын, Құранда баяндап берді. Құран-құндылығы толық /Полноценный/және өзіне-өзі жеткілікті /Самодостаточный/ ақпарат дереккөзі, қайнары болып табылады. Құран ешқандай өзін-өзі тәпсірші деп жариялаған абыз (жрец) және өзі- өзіне діни авторитет бекіткен адамдарға Құран мұқтаж болмайды. Өмір тіршілігіне діни қажеттілік беру үшін, өздерін Құдайға серік қосып, Алланың делдалы көрсету мақсатымен, олар Құранның мағыналарын бұрмалайды және сөздерінің мәнін өзгертеді. Құран, сондай-ақ сыртқы, Құраннан тыс дерек көздерге мұқтаж емес. Құранды түсіну үшін Құранның өзі де жеткілікті. Құран түсіндірілген /Разъяснённый/ және, ең маңыздысы түсіндіретін /Разъясняющий/ кітап болып табылады. Алла Елшісі уақытында осылай  болған, бүгінде жағдай осындай.

Сонда елшінің әміріне бағыну  қалай болады?

Ей, Мұхаммед! Сен айт: «Құдай сендерге айқын ілім жіберді ғой, сөйте тұра, Құдайдан басқа қандай құдірет іздемекпіз?» - де. Ал Біз кітап бергендер (яһудилер мен насаралардың білімдарлары) Құранның Құдай жіберген қасиетті кітап екенін біледі. Ендеше, сен әсте күдік сақтама (6:114).

(Ей, Мұхаммед!) «Куәнің үлкені кім?» - деп сұра. «Сендер мен менің арамыздағы ұлы куә Алла ғана. Ал Қуран сендерді және Құран жеткендердің барлығын ескерту үшін маған жіберілген керемет.  Сендер (көп -құдайшылдар), Құдаймен тең түсетін басқа құдірет бар деп бекем серт бере алар ма едіңдер? Ал мен ондай кепілдік ете алмаймын» - де. «Ақіқатында, Алла – біреу ғана. Сендердің Құдайға теңейтін бұттарыңнан мен аулақпын», - де (6:19).

Пенделерге Біз кітап (Құран) жібердік, оны түсіндірдік те. Оған иланған қауымға жарқын жол сыйладық (7:52).

(Ей, Мұхаммед!) Адамдар арасында Алланың нұсқауы бойынша үкім етсін деп, Біз саған ақиқат кітабын түсірдік. Сатқындарға аяқ басушы болма (4:105).

Сол күнде Біз әр қауымға өздерінің ішінен оларға қарсы бір айғақ келтіреміз. Сені де айғақ үшін әкелеміз. Біз саған Құранды (адамдарға) бар нәрсені түсіндіріп берсін, (жүрекке) жол, (пендеге) рақым, мұсылмандарға мәңгілік бақыт, қуанышты хабар берсін деп түсірдік (16:89).

(Ей, Мұхаммед!) Біз саған өзінен бұрын келген кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы етіп, ақіқи шыңдық кітабын түсірдік. Сен олардың арасында өзіңе жіберілген сол Құран сөзімен үкім жүргіз. Өзіңе келген ақиқаттан бет бұрып, олардың ықыласына еріп кетпе. (Ей, Мұхаммед!) Біз сендердің әрқайсыңа өздеріңе тән жол және жағдай бердік. Егер Алла өзі қаласа, сендерді, әрине, бір үмбет қана етер еді.  Бірақ ол сендерді сынау үшін түрліше шариғат жасады. Жақсы істерге ұмтылыңдар. Сендердің бәрің де Тәңірінің алдына қайта ораласындар. Сендер таласқан нәрселердің (қайсысы ақ, қайсысы қара екенін) Алла өзі айтып береді (5:48).

Өздерін-өздері әлімдер деп тағайындаған (жрецтердің) абыздардың Исламға қарсы жасаған ең үлкен қылмысы Алла түсірген Кітаптің және Алла жіберген Елшісінің қатарына адами дәстүрді (суннаны) және сөздер жинақтарын (хадистері) қосып, деңгейлерін пара-пар қылу болды. Осы ғалымсымақ адамдар Алланың және Елшісінің әміріне бой ұсынып,  дәстүрді қолдануды  Құдай мақұлдағанына өздері де сенеді және де басқаларды сенуге мәжбүрлейді. Исламды жамылған жрецтер бас дәлел ретінде Құраннан мынадай сөздерді келтіреді.

Кімде-кім пайғамбарға бой ұсынса, ол - Аллаға бой ұсынғаны. Егер кім сенен (Мұхаммед) теріс айналса Біз сені оларға күзетші етіп жіберген жоқпыз, (оған сен жауапты емессің) (4:80).

Алла Елшісіне бойұсынуды ғалым сымақтар қалай түсіндіреді?  Олар бізді хадистер мен суннаның авторитетіне көндірмекші.Өйткені хадистер мен суннаның түсіндірмесі, атап айтқанда түсінік беру кілті жрецтердің меншігінде. Бұл жерде мынадай қарапайым факт мүлде ескерілмейді. Алла Елшісі өмірінің ең негізгі аспектері Құранның өзінде жан – жақты көрініс тапқан. Хадис  жинақтары мен суннада емес. Қасиетті Құранда бейнеленген. Біздің тілге тиек отырғанымыз Алла Елшісіне адамдардың қойған сауалдары туралы және Алла Елшісінің (Алла тағаладан шабытқа ие болып) жауаптары жөнінде (2:219;  17:85).

219. Олар сенен арақ және құмар туралы да сұрайды. Сен айт: «Оның екеуі де зор күнә,- де,- кейде аздаған пайдасы болуы болуы ықтимал, бірақ күнәсі пайдасынан әлдеқайда ауыр».

Олар сенен садақаға не беру жайлы сұрайды. «Садақаға өз қажеттеріңнен артылғанының беріндер» де. Дүниеде және қиямет істерін кең оцлауларың үшін Алла жіберген аят сендерге осыны айтты. 2:219

85.Олар сенен жан (руһ) туралы сұрайды. «Жан дүниесін тәнірім ғана біледі. Сендерге берілген білімнің шегі аз ғана», - де 17:85

Құранда осындай сауал-жауаптардың жүздеген түрлері көрсетілген. Пайғамбарымыздың жанындағы адамдармен диалог түрінде егжей-тегжейлі баяндалған оның өмірлік жағдайы Құранның үштен бір бөлігін құрайды. Осы - Алла Елшісінің өмірі болып табылады, оның нағыз Суннасы, Алла тағаламен расталған, рухтандырылған және мақұлданған. Құранды қолдану Алла Елшісіне бойұсыну,  Пайғабарымыздың  жолымен жүруі және оның   Суннасын мойындауы болып табылады.

27.Ол күні кәпірлер өз бармақтарын өздері шайнайды. «Әттеген-ай! Пайғамбар жолын тұтпаған екем! 28.Пәленбайды дос еткенім қандай өкініш! 29.Құран маған да келіп еді-ау, сол (Құраннан) мені аздырған сол пәленбай болды-ау!» - дейді. Ал шайтан сөз жоқ, адамда азғырушы. 30.      «Тәңірім! – деді пайғамбар. – Менің қауымым Құранды зиянды санады ғой » 25:27-30

40.Құран, сөз жоқ, мәртебелі Алланың сөзі. 41.Ол-ақынның сөзі емес, ал сендер оған өте аз сенесіндер. 42. Ол-сәуегейдің де сөзі емес, ал сендер оның тағлымын аз тындайсындар. 43. Ол – күллі әлемнің иесі тарапынан түсірілген. 69:40-43.

3. Сөзінде де өз көңіл күйне алмады. 4. Тек өзіне түскен аянды ғана айтты.-53:3-4

соңы : http://nurmura.kz/news/kuran-paigambarymyzdyn-nagyz-sunnasy

 
0
0
1255

Осы тақырып бойынша

Құран - пайғамбарымыздың нағыз Суннасы - Yvision.kz