Мазмұнға өту

Жаңа

Тірексіз тілдер

«Тілдің аман қалуы немесе жоғалып кетуі, алты жасар баланың қолында. Алты жасар баланың тілді үйрену талабын тілді күнделікті қолдану қажеттілігі ғана тудырады» дейді америкалық профессор Дэвид Харрисон. Расында, ана тілін үйренуге алты жастағы балалар мүдделі болмаса, тіл тіршілігін тоқтатады. Сол тілмен бірге, дін, діл, дәстүр, білдей бір ұлт жоқ болмақшы. Осы мәселе тіл мамандарының алаңдаушылығын тудыруда. Әлем лингвистері бір сөзбен айтқанда, дүниежүзі бойынша дабыл қағып жатыр. Олардың бар әлемге жар салып, дабыл қағуы орынды көрінеді. Әлемдегі 7000-ға жуық тілдің тең жартысы жүз жылдың ішінде құмға сіңген судай жер бетінен жоқ болуы мүмкін. Ал әрбір екі апта сайын бір тіл тіршілігін тоқтатып отырады екен. Иә, әлем тілдерінің жағдайы мүшкіл. Жағдайы мүшкіл тілдердің қатарына сөйлейт…

0
0
2897

Күлеміз бе, қайтеміз?!

Чарли Чаплин марқұм көзінің тірісінде жұртты күлкіге қарық қылумен бірге, оның арғы жағында ащы ақиқаттар жататындығын да айтыпты. Теледидар арқылы да күлкілі жағдайларды насихаттаған актердің айтуынша, кейбір қасіреттердің өзі кісінің күлкісін келтіретін көрінеді. Кейде өзіміздің теріс тірліктеріміз де езу тарттырады екен. Тпіті күлкілі өлім де болатыны ақиқат. Енді солар туралы...Италияда тұратын жетпістегі Армандо Пинелли көршісімен жалғыз орындықпен пальма көлеңкесінде кім ұзақ отыратындығын ұзақ серттеседі. Ақыры жеңіс өз жағында екендігіне көз жеткізген тұста, үстіне ағаш құлапты. Нью-Йоркте бір азамат көлік астына түсіп қалады. Бірақ еш жарақат алмайды. Осы оқиғаға куә болған «ақылдылау» жүргінші оған «ауыр жарақат алдым» деген сылтаумен өтемақы талап етуіне кеңес береді. Ол келісе…

0
0
933

Әлемдегі ең жас әже

Әлемде қыздардың ерте тұрмысқа шығуы былай тұрсын, ерте босану оқиғалары да көбейіп барады. Айталық, Румынияда 23 жастағы бойжеткен әлемдегі ең жас әже атанды. Бұл жағынан ол Италияда тұратын 29 жастағы әйелден де озып, бұрынғы рекордты жаңартты.
23 жастағы сыған әйел Рифка Станеску өзінің 11 жасар қызынан немере сүйіпті. Рифка өзінің қызы Марияны 13 жасында босанған. Ол қызының өз тағдырын қайталамағанын тілейтіндігін айтып, оны мектепті бітіргеннен соң тууға көндіргісі келді. Алайда Ария анасының үмітін ақтамай, 11 жасында босанып қалыпты. Баланың әкесі одан бір жас үлкен. Нәрестеге Ион есімі берілді.
Өкінішке қарай бұл құбылыс талай елде жиі қайталанып жатыр. Дәрігерлер мен психологтар да ерте босанудың зияндылығы туралы қанша айтып жатқанымен, мұны ескеріп жатқандар шамалы көрінеді.

1
3
814

Ғаламның картасын жасаған кім?

Әлемде ғалымдарды тығырыққа тіреген құпия жеткілікті. Соның бірі -Уилфрид Войнич манускрипі. Картинадағы жазбалардың 500 жылдық тарихы бар. Оны 1912 жылы букинист Уилфрид Войнич тауып алған. Қайдан және қалай тапты, ол әлі белгісіз. Хатқа түсірілмеген. Тек ғалымдар картинадағы жазулардың кем дегенде бес ғасыр бұрын жазылған дегенді есептеп шығарған. Белгісіз таңбалар 170 000 белгіні құрайды. Ол 240 бетке жазылған. Войнич өле-өлгенше әлгі жазулардың құпиясын ашуға талпынды. Бірақ қолынан келмеді. Арманда көз жұмды. Одан кейін таңбалардың құпиясын ашуға әлемнің ең мықты деген криптографтары, математиктері, лингвистері, сондай-ақ жұмбақ таңбаларды оқитын әскерилер де араласты. Бірақ солардың бірде-бірі дым шығара алмады. Жазу әлі сақтаулы. Әзірге оның сырын ашуға ешкімнің құдіреті жетер емес…

1
0
14200

Кененнің кемер белдігі

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылында Қазақстанның халық ақыны, әнші-композитор Кенен Әзірбаев атындағы әдеби-мемориалдық мұражайы бар. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын облыстық партия комитетінің бюросы және облыстық атқару комитетінің қаулысымен 1981 жылы наурыз айында ашылған. Мекеме директоры Марат Оспановтың айтуынша, мұнда 80 жылға уақыт қолынан қара домбырасын тастамай, туған халқына қызмет еткен біртума өнер иесінің өмірі мен шығармашылығына қатысты төрт мыңға жуық жәдігер сақталған. Солардың ішінде келушілердің көзіне оттай басылатыны - бозбала Кененнің қырғыз манабы Шабданның асында сыйға алған кемер белдігі. Кенен Әзірбайұлының қой соңында жүріп шығарған «Ри, қойым», «Көк шолақ» сынды тырнақалды туындылары оның атын ауыл-аймаққа ерте таныта бастайды. Он бір жа…

1
1
2234

Ұрпаққа сапалы ұрық керек

Ел халқының жиырма пайызы, яки әрбір бесінші жұп артынан ұрпақ қалдыру бақытынан қағылған. Әрине, ғылыми технологияның озық жетістіктерінің арқасында мұндай келеңсіздікті оңай еңсеруге болады. Тек қалтаңызда ақша, қажетті генетикалық материал болса, жеткілікті. Он бес жылдың ішінде алты мыңнан астам бүлдіршін қосымша репродуктивті көмек арқылы дүние есігін ашқан. Әйтсе де мамандардың пайымдауынша, ел аумағында жасанды ұрықтандыруға қажетті ұрық жетіспейді. Тіпті алдағы жиырма жылдың ішінде дені сау ұрық баға жетпес құндылыққа айналады-мыс. Ұрықтың әлсізденуіне түрлі экологиялық факторлар әсер етеді екен. Елімізде оннан аса жасанды ұрықтандыру орталықтары бар. Жыл сайын екі мыңға жуық келіншек аталмыш орталықтардың көмегіне жүгінеді. Статистикалық деректерге көз жүгіртсек, бедеулікке тап б…

1
0
3157

Құлагерді кім өлтірді?

1. Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романында Ақтоқты мен Ақанның бір-біріне деген сезімі ерекше сипатталады. Бірақ естуімше, шын өмірде олардың арасында мұндай керемет махаббат болмаған. Көркем шындық пен тарихи шындықтың аражігін ашып берсеңіздер... 2. Мағжан Жұмабаевтың «Ақан сері» атты деректі очеркінде Құлагерді шабысынан айырған жауыз ретінде Батыраш емес, Барақбайдың шабарманы Бөрібай деп көрсетіледі. Қайсысы дұрыс? Құлагерді кім өлтірді?3. Ел аузында Ақанның «пері қыздарымен бірге сауық құрғандығы» туралы әңгімелер айтылып жүр. Сері өмірінің соңын қалай өткізген?Қанат Нұрасылов Алматы облысы, Кербұлақ ауданы Серінің өміріне қатысты сұрақтарға белгілі өнертанушы Ерлан ТӨЛЕУТАЙ жауап береді:1. Көркем шындық пен тарихи шындықтың арасында шамалы ғана айыр­машылық бар. Ақан мен Ақтоқтының…

1
0
8136

Баға басқа шыққалы тұр

Қазақстанда судың бағасы енді еселеп қымбаттауы мүмкін. Кеше Үкімет отырысында осыған қатысты шешім қабылданды. Әрине, су бағасын көтеруге қатысты әңгімелер бұрын да қаузалған, тіпті сол бағытта қадамдар да жасалған-тын. Алайда Үкімет енді батыл шараларға кірісуге белді бекем буып отыр. Өйткені күні кешегі өзбек басшысы Ислам Кәрімовтің елімізге сапары кезінде Қазақстан мен Өзбекстанда су тапшылығынан миллиондардың зардап шегетіндігі ашық айтылып, Үкімет алдына мәселе төтесінен қойылған. Министрлер кабинетінің кешегі жиынына әу баста «Табиғи монополия субъектілерінің қаражатты мақсатты және тиімді пайдалануын бақылау жүйесі туралы» мәселесі шығарылған болатын. Өйткені биылғы Индустриялық форум телекөпірі кезінде Қазақстан Көшбасшысы энергетиктерді қатты сынға алған еді: Елбасының айтуынша…

0
0
544

Выпуск 1. «Сұхбат» с Андреем Брюшковым: «Учить надо там, где русского нет»

Тема казахского языка никогда не теряла своей актуальности в нашем обществе, но в последние годы дискуссии вокруг него обостряются. Много копий было сломано с прошлого года, когда было опубликовано т.н. "Письмо 138". Несмотря на очевидность того, что казахский язык за двадцать лет независимости конкретно укрепил свои позиции и продолжит укреплять их в перспективе, потенциальные казахоговорящие ссылаются на отсутствие хороших методических пособий, национал-патриоты критикуют чиновников, а государство, тем временем, продолжает выделять большие средства на развитие казахского языка. На этом фоне порой трудно разглядеть тех, которые, оставаясь в стороне от жарких споров, просто выучили казахский язык. Я неоднократно сталкивался с людьми, которые горят желанием приступить к изучению казахского…