Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бойы - қысқа, ойы - ұзын

Джиоти Ямга - 18 жаста. Бойы небәрі 62,6 сантимер. Ол әлемге ең кішкентай әйел ретінде танымал.
Джиоти «ахондроплазия» деген атаумен белгілі ергежейліліктен зардап шегеді. Бұл қыздың бойы алдағы уақытта өспейтіндігін білдіреді.
Үнді қызы Ұлыбритания астанасына 2013 жылғы «Гиннестің рекордтар кітабы» жарық көрер алдында келген. «Ең кішкентай әйел» атағы өткен жылы желтоқсан айында келіпті. Осылайша «Гиннестің рекордтар кітабында» америкалық Бриджит Джорданнан 7 сантиметрге аласа адам ретінде екінші орында тұр.
«Мен бәрінен бұрын Голливуд артисі болып, «Оскар» сыйлығын алуды армандаймын», - деген ол келешекте талай биіктерді бағындырғысы келеді.

0
0
894

Осы тақырып бойынша