Java-да switch операторымен жұмыс істеу. ЗеРтХанаЛық жҰмЫС #6
Сәлем достар!), бұл сабақты жасағаныма 2 жылдай уақыт болып қалды. Бірақ кеш болса да, сіздерге ұсынғым келіп тұр). Кеттік...
Жұмыстың тақырыбы: Java тіліндегі басқарушы операторлар.
Жұмыстың мақсаты: switch шартты операторының қолдану ерекшеліктерін игеру.
switch таңдау операторы. Бірнеше таңдау шарттарына қатысты if шартының аналогы болып табылады. Оператор синтаксисі келесідей:
switch(өрнек){
case мәні1: операторы1;
……………………………
case мәніN: операторы N;
default: операторы;
}
Шынымен айтқанда, мәндер аралығын көрсетпеу, не бірдей операторлар сәйкес келетін мәндерді үтір арқылы тізіп шығу мүмкіндігі жоқ болуы өте ыңғайсыз. Өрнек типі қандай да бір бүтін типтерден болуы керек. Оның ішінде заттық типтерді қолдануға тыйым салынған. Оператор келесі принцип бойынша жұмыс істейді: алдымен өрнек есептелінеді. Сосын шығарылған нәтиже мүмкін болатын басқа да нұсқалармен салыстырылады. Олар бағдарламаның компиляциясы кезінде анықталып қоюы керек. Егер өрнектің мәніне қанағаттанатын қажетті ңұсқа табылса, осы нұсқаға сәйкес келетін операторлар тізбегі іске қосылады. Бірақ операторлар орындалғаннан кейін case операторынан шығу жүзеге асырылмайды, бұл оператордан шығу үшін break командасын қою керек болады. Java тілінің бұл қажетсіздеу тұсы C тілінен мұраға қалған. Default қатысты бөлім міндетті емес болып саналады және егер де ешқандай да нұсқа табылмаған жағдайда ғана орындалады.
Мысалы:
-
switch(i/j){
-
case 1: i=0; break;
-
case 2: i=2; break;
-
case 10: i=3; j=j/10; break;
-
default: i=4;
-
};
switch операторының екі ерекшелігі бар:
- case әрбір нұсқасы үшін операторлар саны еркін болады. Бұл өте ыңғайлы болып табылады, бірақ Java тілінің операторларының логикасынан шетке шығады.
- Операторлар тізбегінің орындалуы кезінде шығу үшін break операторын қолданамыз. Егер ол жоқ болатын болса, онда операторлар блогына “құлдилау” (зацикливание) болады. Онда келесі нұсқаға сәйкес келетін өрнек мәні болу керек. Бұл кезде келетін келесі мәнге сәйкес келу келмеуі тексерілмейді. Осылайша break операторы немесе таңдау нұсқауының операторларының барлығы біткенше жалғаса береді. Мұндай ережелер “ұмытылған break” деп аталатын қатеге әкеліп соғады.
Жұмыстың тапсырмасы:
Пернетақтадан енгізілген жылдын қазақша жыл санауындағы атын (тышқан, сиыр, ... доңыз) шығаратын бағдарлама жасаңыз. (Бұл есепті ойдан шығара салғанмын))
Есептің шешу жолы төмендегі видеода көрсетілген:
Youtube.com
Kiwi.kz
