Тау ұшындағы Жұмбақкөл
Ұлытау. Бұл өлкені кез келгені тарихтан білгенмен, келіп көргені, тасбұлағынан суын ішкені аз. Елеусіз күн кешіп жатқан мекеннің көне тарихтан үнсіз ғана сыр шертер мүжілген таулары әлі де көп құпияларын қойнынан шығармай, жасырып келетіндей. Олай дейтініміз бертінге дейін ешкімге белгілі болмаған дәл таудың басынан кездейсоқ көлдің табылуы кімді болса да таңдандырды. Айналасы қамыспен көмкеріліп, тіптен қайың ағашы сондай биіктікте болуын құдіретке балайтындар да көптеп табылар. Жаңбыр, не қар суы десең, шілденің аптап ыстығында буланып ұшып, құрғап кетпеуі қалай? Алыстан қарағанда киіз үйдің шаңырағы іспеттес пішіндегі таудың бұл бөлігіңе жету, одан шығу, көлді табу бір ойлағаннан оңай емес. Шөл даланың адастырар құмындай болмағанмен, тауға бастар дұрыс соқпаққа түсу сол жерде болған ад…